ҚР депозиттері көлемі 11 трлн теңгеден асты

402

Депозиттік мекемелердегі резидент депозиттердің жалпы көлемі 2015 жылдың сәуіріне қарай 11 248,3 млрд теңгені құрап отыр. Заңды тұлғалардың депозиттері 6 988,5 млрд теңге, жеке тұлғалар — 4 259,9 млрд теңге. Бұл жөнінде ҚР Ұлттық банкі мәлімдеді.

Шетелдік валютадағы депозиттер көлемі 6 132,6 млрд теңге, ұлттық валютада — 5 115,7 млрд теңге. Теңгедегі меншікті депозиттер салмағы 45,5%. Банктердегі тұрғындар салымдары 4 297,1 млрд теңгені құрайды.

Тұрғындар салымдары құрылымдары теңгедегі депозиттері 1 324,9 теңге, шетелдік валютада — 2 972,2 млрд теңге. Тұрғындар салымдары құрамында депозиттердің меншікті салмағы 30,8%. Жедел депозиттер 7 769,7 млрд теңге.