Халықаралық ақпарат комитетіне жаңа төраға тағайындалды

233

Астана. 19 сәуір. 7kun.kz — Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Талғат Жұмағұлов Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін, Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын аяқтаған.

Кейіннен Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында, Израильдегі Қазақстан Елшілігінде, ЕҚЫҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінің басшысы болды. Тағайындауға дейін ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарды.