Несие тарихыТаңдаулы1

«Құрбым» мені қалай алдап кетті

Отыз жасқа келіп, өмірдің ащы-тұщысын енді татып жатқан сияқтымын. Айналаңдағы адамдардың, яғни, ортаңның қандай екеніне, кіммен араласатыныңа баса назар аудару керек екен. Ешкімге сенің әлсіз тұсыңды пайдаланып, манипуляция жасауына жол берме. Сәл ұнамаған, оның жанында ыңғайсыз сезінген адамнан қаш. Тәрбиесі, менталитеті, өмірлік ұстанымы саған титтей де болсын жақпады ма, жанында бір минут та қалма.

Осындай ақыл-кеңеспен әңгімемді бастап жатқаным бекер емес. Басымдағы қазіргі мәселеге мен сол кездегі құрбымның кесірінен тап болдым. Сыпсыңдаған сөзге шебер, іскер, мақтаншақ келіншек еді. Өтірік айтуға жастайынан ата-анасы үйреткен сияқты. Титтей кезінде ата-анасымен бірге қалай өтірік арақ жасап сатқандарын айтқанда жағамды ұстадым. Ата-ана кішкентай баланы қалайша жамандыққа үйретеді?! – деген сұрақ көкейде қалды. Негізі бала кезімізде біздің үйде де дүкен болған. Менің әке-шешемнің мына сөзі есімде қалып қойыпты: «Қазір қиын заман, өтірік арақ жасап сататындар баршылық. Бірақ қандай қиын болса да, ондай қиянатты жасауға болмайды. Біз таза өнім сатамыз». Міне ата-атанымыз бізді адалдыққа, мейірімдікке үйретті. Сөйтіп көзімізге күлгін көзілдірікті тағып алып, өмір сүрген екенбіз. Жаңағы құрбым сондай мінезінің арқасында кейіннен менің жұмыстағы бастығым да болды. Соңыра өзі жеке бизнес ашып, қояр да қоймай мені қасына алды. Содан бастап оның манипуляциясында жүре беріппін ғой. Бар бәле 2014 жылы басталды. Сол жылы «құрбым» су жаңа Lexus LX 470 маркалы көлік аламын деп жүрг. Тек оған 15 мың доллары жетпеді. Сосын мені несие алуға көндіріп, кепілдікке сол көлікті қоямыз деді. 2014 жылы оның бизнесінде проблема туып, несие төленбей кетті. Сосын өзі зым-зия жоқ болды. Кейін білгенімде ол көлікті сатып жіберіпті. Банк маған хабарласып, несиені төлеуді талап ете бастады. Мен полицияға арыз жазып, көлікті айдап әкеткенін жеткіздім. Әлі күнге дейін құқық қорғау органдарынан жауап жоқ. Мен банкке де арыз жазып, көлік ұрланған техникалардың тізімінде екенін көрсетіп, мән-жайды түгел түсіндірдім. Маған жауап та келді, жауапта: банк мені сотқа беретіні жазылған. Енді не істерімді білмей отырмын. Осындай ситуацияны қалай еңсеруге болады?

Осы айдарда

Close