«Реал» футболшысы салық төлемегені үшін сотқа миллион еуро төледі

төлемегені
Фото: futaa.com

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz – Мадридтік «Реал» жартылай қорғаушысы Лука Модрич салық төлемегені үшін абақтыға жабылудан аман қалды, деп хабарлады vesti.kz.

Жыл соңында испаниялық билік Модричті салық қызметін 870,7 мың еуроға алдады деп айып таққан. Бұл оқиға 2013 және 2014 жылдары болған.

2017 жылдың қазан айында билік өкілдері Модричтің Мэн аралдарында қаржылай инвестициясы барын және соның табысы туралы салық қызметінен жасырғаны жайлы айтқан.

Бұл қаражат төленетін салық мөлшерін әлдеқайда көбейтетін еді. Mundo Deportivo мәліметінше, Модрич өз кінәсін мойындап, осы істің жабылуы үшін миллион еуро төлеуге келіскен.