Reebok: спорттық аяқ киім индустриясындағы антилопа

25
reebok
Фото: planetnew.ru

Әлемде классикалық үлгіден қалыс қалмай спорттық стил де үнемі дамып, жанданып келеді. Тіпті, спорттық киімдердің табынушылар да көп. Күнделікті өмірде, серуендегенде, тауға, саяхатқа шыққанда және тағы да басқа жағдайларда адамдардың таңдауы дәл осы тауарларға түседі. Мұндайда сапалы өнімдерімен тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын спорттық киімдердің танымал компаниялары да жоқ емес. 7kun.kz бүгін атақты Reebok тарихын ұсынады.

Ерте тарих — J.W. Foster & Co кәсіпорны

Reebok — ең көне спорт брендтерінің бірі, Джозеф Уильям Фостер негізін салған. Джозеф Болтон (Англия) қаласында тұрып, сүйікті спорт түрі — жеңіл атлетикамен айналысқан.

Фото: turkaramamotoru.com

1895 жылы Джозеф жергілікті Primrose Harriers клубына қосылады, клуб әуесқой желаяқтарға арналған. Сол уақытта жүгірудің басты проблемасы жүгіру жолына аяқ-киімнің үйкелуі болған. Жүгіру үшін арнайы аяқ киім болған жоқ және кәсіби түрде айналысатындардың өзі ыңғайлы аяқ киімдерді қиындықпен тапқан. Ал әуесқой спортшы үшін ол тіпті қолжетімсіз тауар еді. Сондықтан Джозеф қалауындағы аяқ киімді жасауға өзі кіріседі. Оның шешімі қарапайым және керемет болды: өзінің жүгіруге арналған аяқ киімдерінің табандарына бірнеше шеге салды және әлемдегі алғашқы тікенді спорт аяқ киімін ойлап тапты.

5 жылдан кейін, яғни 1900 жылы, Джозеф өзінің аяқ киім кәсібін ашып, оны J.W. Foster & Co компаниясы деп атады. 1904 жылы Альфред Шрабтың Глазкодағы жүгіру дарысындағы жеңісі Джозеф пен оның жаңадан ашқан кәсібі үшін маңызды оқиға болды. Спортшы жарыс жолына Foster-дің кроссовкасын киіп шығады. Осыдан кейін компанияның танымалдығы арта бастайды.

1906 жылы компания ұлдарының құрметіне J. W. Foster & Sons (Фостер және ұлдары) деп өзгертілді. Жүгірушілерге арналған барлық аяқ киім әр спортшыға жеке-жеке қолмен әзірленді. Спортшы аяғының кескінін қағазға түсіріп, Фостер шеберханасына жібереді. Сызбаны алғаннан кейін Джозеф ұлдарымен бірге атлет аяқтарының ерекшеліктерін ескере отырып, тікенді аяқ киім жасады.

Фото: stylee.ru

Фостердің жаңалығы жеңіл атлетикада революция жасады және спорттық жетістіктерді айтарлықтай арттырды. Оның «Foster Deluxe Spike» және «Flyer» модельдері жүгірудің жүйесін мәңгілікке өзгертті және кейінгі 50 жыл ішінде ең жақсы спорт аяқ киімі болып қалды.

Дамудың жаңа сатысы

1924 жылы атақты желаяқтар Карл Абрахам және Кэрол Модель Франциядағы Олимпиада ойындарында J. W. Foster & Sons кроссовкаларында өнер көрсетеді.

1933 жылы Рибок негізін қалаушы Джозеф Уильям Фостер қайтыс болды. Әкесінің кәсібін Джеймс және Джон қабылдайды. Компанияның ассортименті үнемі кеңейеді. Жүгіруге арналған кроссовкалардан басқа бокс, хоккей, регби, спорттық жүру, футбол және велосипед жарысы үшін арнайы аяқ киім шығару басталады.

Одан кейін компания ісін Фостердің немерелері жалғастырды: Джозеф және Джефри Фостер. Бұл уақытта компания атауын екі рет өзгертеді, алдымен «Mercury Sports Footwear» (1958 жылы) болды — бұл Mercury деп аталатын аяқ киім шығарумен байланысты. Ал екі жылдан кейін компания иелері оны «Reebok» деп атады.

1958 жылы Джозеф сөздіктен Reebok сөзін көріп қалады. Ол өткір мүйізі бар жылдам африкандық антилопаны білдірген. Шығаратын тауарларына сай келетін атау деп ойлаған Джозев компанияны 1960 жылы Reebok-ке өзгертеді.

Әлемдік нарыққа шығу

1979 жылы компания Чикагода өткен халықаралық көрмеге қатысты. Осы көрмеде америкалық Пол Файерман кәсіпорынның тауарларына назар аударады. Содан кейін ол Болтондағы Джо Фостермен келісімшартқа отырып, Reebok-ті АҚШ-та сатуға лицензия алды.

1982 жылы аэробика сәні пайда болады, бұл көптеген спорт компанияларына, соның ішінде Nike-ге дағдарыстан аман қалуға көмектесті. Reebоk қымбат емес әйелдер кроссовкаларымен табыс тапты. «Freestyle», «Princess» сияқты модельдері әлі күнге дейін өндіріледі. Бұл модельдер «Classic Aerobics» коллекциясына біріктірілген.

1985 жылға дейін Reebok тек аяқ киім шығаратын. Сол кезеңде Reebok International және оның Америкадағы еншілес компаниясы жеке компания болуды тоқтатып, акционерлік қоғамға айналады.

Пол Файерман кәсіпкерлік дағдысымен табысты әрекет етіп, Джозефтің мұрагерлерінен компаняи сатып алады. Атауын Reebok International Ltd деп өзгертеді. Пол Файерман компанияның президенті болды.

Келесі 30 жыл ішінде Reebok белсенді түрде дамиды, 90-шы жылдардан бастап бренд Ресей нарығына енеді.

Сәтті қосылу

2006 жылы Reebok-ты Adidas AG неміс компаниясы сатып алды. Adidas және Reebok бірге АҚШ-та кроссовкаларды сатуды 11,7 миллиард долларға дейін арттырады. Бұл Nike-ті жолдан тайдыру үшін жасалған қадам болды — өйткені АҚШ нарығында Nike әрдайым көшбасшы болған. Сондай-ақ, сарапшылардың бағалауы бойынша Adidas және Reebok алғашқы үш жылда өндіріс, тарату және зерттеу бөлімшелерін біріктіру арқылы 100 миллион еуро үнемдеді.

Фото: ypcrm.com

Қазіргі Reebok

Бүгінде компания Adidas Group құрамына кіреді және бүкіл әлем бойынша көптеген жанкүйерлері бар. Тұрақты даму және жаңа технологияларды іздеу Reebok брендін танымал етеді. Жайлы және ыңғайлы аяқ киім жасауға маманданған ұйымның өндірістік бөлімшелері әлемнің көптеген елдерінде (атап айтқанда – 15) бар. Ал спорттық киім әлі де үлкен көлемде жасалады — компанияның 50 елде филиалдары орналасқан.

Брендті таңдаушылардың айтуынша, оларды өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар ғана емес, , сонымен қатар компания өзінің ұзақ тарихына қарамастан, негізін қалаушы Джозеф Фостер салт-дәстүрлерін өзгертпейтіндігі қызықтырады.

Нені жазбадық?

1908 жыл — Фостердің жүгіру аяқ киімі «Олимпиада шеберханалары» деп аталатын фабрикада қолмен жасалған.
1938 жыл — Австралия. «Empire Games»жарысы: C.B. Holmes рекордты уақытпен 100 және 200 метрлік жүгіруді жеңеді.
1960 жыл — Reebok Еуропадағы өз қызметін кеңейтті, осы уақыттан бері компания ресми түрде Reebok International деп аталады, компанияның бас кеңсесі Болтонда орналасқан.
1986 және 1988 жылдар аралығында Reebok мынадай компанияларды сатып алды: Avia (кейбір мағынада аэробика және жүгіру модельдерін өндіру бойынша бәсекелес) және Rockport, олардың аяқ киімі мен мокасиндері бір мезгілде консервативтілік, спорттық және беделге ие. Rockport маркалы модельдер Reebok компаниясына өз ассортиментін кеңейтуге мүмкіндік берді .
1987 жыл — Reebok баскетбол модельдерін шығара отырып, өнімнің ассортиментін кеңейтеді.
1989 жыл — Reebok компаниясы нарықта Pump жүйесін ұсынды. Кроссовканың әр түрлі бөліктерінде ауа камералары орналасқан, «тілге» латекстен шағын доп салынады. Оны басқан кезде ауа камерасына ауа барады және аяқ киімнің табанның жеке ерекшелігіне сәйкес үйлесімді форма қалыптасады. АҚШ патенттерінің Мемлекеттік бюросы 1992 жылдың 27 қазанында осы өнертабысқа Reebok патентін берді.
1991 жыл — Reebok Russia компаниясының құрылуы.
1993 жыл — Reebok компаниясы өз логотипін өзгертеді. Британдық ту вектор түріндегі логотипке орын береді (вектордың дизайнын «Лео Бернет» компаниясы әзірлеген). Бұл Ұлыбритания үкіметінің ұлттық рәміздерді жарнамалық мақсатта пайдалануға тыйым салуымен байланысты болды.
1994 жыл — Reebok жаңа жетістігі – «Multi Tech» жүйесі.
1996 жыл — Жаңа амортизация жүйесі, DMX технологиясы пайда болады.
2000 жыл — Компанияда алғаш рет ресейлік өндіріс өнімдері пайда болды.
2001 жыл — Күз-қыс коллекциясы. Сатылымға спорттық костюмдер мен Ресей өндірісінің пуховиктері шығады. Reebok және NBA жаңа стратегиялық серіктестік туралы жариялайды.
2002 жыл — «Урал-Грейт» баскетбол клубы Reebok фирмасымен команданың толық жабдықталуына шарт жасады. Спорттық және көркем гимнастика және батут бойынша Ресей құрама командаларын жабдықтау бойынша келісім-шарттарға қол қойылды.
2010 жыл — Reebok CrossFit фитнес-компаниясымен әріптестік туралы жариялады, оған қоса CrossFit Games жарыстарына демеушілік етті.

Шамамен осы уақытта Reebok кәсіби спорттық лигалар мен колледждер командалары үшін спорттық киім мен киім дайындаудан біртіндеп бас тарта бастайды (2017 жылы аяқталған ҰХЛ-мен униформаға соңғы келісім-шарт). Енді компания фитнес және әуесқой спортпен белсенді айналысатындар үшін бренд ретінде өзін көрсетуі қолға алады.

Фото: furfur.me

2014 жыл — Reebok логотиптің ауысуы туралы жариялады. Жаңа белгінің үш элементі фитнестік өмір салттың өзгеруін сипаттайды: физикалық, психологиялық және әлеуметтік.