Ресей Қазақстанмен шекарада мобилизация пунктін ашады

Ресей. 29 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанмен шекарада орналасқан Астрахан облысында мобилизация пункті пайда болады, деп хабарлайды 7kun.kz «Коммерсант-қа» сілтеме жасап.

«Жақын күндері Қазақстанмен шекарада уақытша ішінара мобилизация пункті ашылып, шақыру қағаздары таратылады», – делінген аймақтық әкімшіліктің хабарламасында.

Облыстың Красноярск ауданыда шекарада көліктердің көп жиналуына байланысты жоғары дайындық режимі енгізілді. Бақылау бекетінде олар мобилизация тіркеуіне кіретін кетіп бара жатқан азаматтардың құжаттарын тексере бастады. Әскерге шақыру критерийлеріне сәйкес келетін және мобилизациядан қалуға құқығы жоқ азаматтар елден тысқары жерге жіберілмейді, деп атап өтті басылым.

Ресей билігі резервтегі адамдар шетелге шыға ала ма деген сұраққа нақты жауап бермей отыр. Қорғаныс министрлігі аптаның басында азаматтардың қозғалысына тыйым салынбағаны туралы хабарлады. Алайда мемлекеттік Думаның спикері Вячеслав Володин мобилизация туралы Заңға сәйкес әскери есепте тұрған азаматтарға әскери комиссариаттың келісімінсіз тұрғылықты жерінен кетуге тыйым салынғанын айтты.