Ресей үкіметі доллардан бас тартуды жоспарлап жатыр

14
ПолитЭксперт

Алматы. 4 қазан. 7kun.kz — Ресей үкіметі  өз экономикасын долларсыздандыру мақсатында жоба құрды. Бұл туралы The Bell үш дерккөзге сілтеме жасай отыра мәлімдеді.

Үкімет әзірлеген заң жобасында ешқандай  шектеу немесе тиым салу шаралары туралы мәселе қозғалмады.Басты назар ұлттық валютамен  есеп айырысу үшін мүмкіндіктер жасауға аудырылды.Жоспардың тағы бір бөлігі валюталық бақылауды жеңілдетуді және валюталық заңдарды ырықтандыруды мақсат тұтады.

Үкіметтің  басты мақсаты — ресейлік ірі сауда серіктестері: Қытай және Еуропалық Одақпен юань және еуро арқылы, ал ЕАЭО-мен рубль арқылы есеп айырысу. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін арнайы механизм құру қажет. Ол механизм бизнеске кез келген валютада артық шығынсыз төлемдерді орындауға мүмкіндік беруі тиіс.

АҚШ президенті Дональд Трамп 2017 жылы тамызда санкция туралы заңға қол қойғаннан бастап, Ресей Федерациясында үкіметті долларсыздандыру мәселесі көтеріле бастады.