Ресейде интернет алаяқтардың жаңа түрі пайда болды

төлем
Фото: hydraexecutives.com

Алматы. 15 сәуір. 7kun.kz – Ресейлік интернетте алаяқтықтың жаңа схемасы анықталды. Пайдаланушыларды ұтыссыз лотереяларға немесе ақылы сауалнамаларға қатысуға шақырады, бірақ алдымен комиссия енгізуді сұрайды, ақшаны сим-карталар арқылы шығарып алады, — деп хабарлайды «Коммерсантъ».

Басылымның жазуынша, алаяқтықтың құрбаны болған ресейліктер сәуір айында Роскомнадзор мен ІІМ-ге шағымдана бастады. Олар жүздеген миллион рубль шығын шеккен болуы мүмкін.

Ұялы байланыс операторлары сим-карта арқылы ұрлық туралы шағымдарғаәлі жауап бермеді. Күдікті аударымдарды шектеу үшін олар әдетте қолма-қол ақшаны алу күніне 5-15 мың рубль және айына 400-ге дейін лимиттер белгілейді. Бірақ, мысалы, Tele2-да тәулігіне 50 транзакцияға дейін жасауға болады, ал айына лимит 600 мың рубльді құрайды.

2018 жылдың қарашасында Мемлекеттік Думада операторларды 50 мың рубльден (қазір 600 мың) артық шот бойынша операцияларды бақылауға міндеттеуді ұсынды, бірақ әзірге ол бастама күйінде қалды.

«Сим-карталардың көмегімен ақшаны жаппай аудару және шығару сызбасы жаңалық емес, — дейді «Джет Инфосистемы» компаниясының алаяқтыққа қарсы әрекет жасау бөлімінің бастығы Алексей Сизов. Операторлар үшін бұл күдікті емес, өйткені лотереяларды және сауалнамаларды ұйымдастырушыға адамдар ақшаны өздері аударады.