Ресей 2018 жылғы ӘЧ-ға дайындық шығындарын 30 млрд рубльге қысқартты

2018 жылғы әлем чемпионатына дайындыққа жоспарланған сомадан 30 млрд аз жұмсалады. Бұл туралы Ресей Федерациясы үкіметінің қаулысында жазылған деп хабарлайды lenta.ru.

Алғашында 660 млрд 627,8 млн рубль жұмсау жоспарланған еді. Енді бұл сома 631 млрд 459,9 млн рубльге дейін қысқартылды.

«Біз 2018 жылғы әлем чемпионаты бюджетін нақтылап жатырмыз. Ол дайындық бағдарламасын оңтайландыруға байланысты. Алдымен тым көп қонақүйлер санын қысқартамыз», — деп мәлімдейді Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко. Ол бюджет қысқартылуының стадиондар құрылысына әсер етпейтіндігін, алғашқы бағаның сақталып қалатындығын атап өтті.

2014 жылдың желтоқсанының соңында спорт министрлігінің басшысы 2018 жылғы ӘЧ-ге дайындық бюджетінің таппшылығын хабарлаған еді. Турнирдің ұйымдастыру комитеті жетпеген қаржыны жеке қайырымдылық қорларымен толтыруды жоспарлап отыр. Ал Ресей үкіметінің негізгі шығыны стадиондар құрылысына жұмсалады.

 

Ресей тарихындағы бірінші әлем чемпионаты 2018 жылдың 14 маусымы мен 15 шілдесі аралығында өтеді. Турнир ойындары Мәскеу, Калиниград, Санкт-Петербург, Волгорад, Қазан, Нижний Новгород, Самара, Саранск, Ростов-на-Дону, Сочи және Екатеринбург қалаларына болады.