Ресей Қазақстаннан жалға алатын жер көлемін қысқартты

Ресей
Фото: ibirzha.kz

Мəскеу. 22 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресейдің Қазақстаннан жалға алатын жер көлемі 1.2 гектарға азайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (ҚР АШМ) баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомстваның мəліметінше, Ресей Сарышаған мен Ембі полигондарын ары қарай жалға алудан бас тартты.

«Қазіргі уақытта заңнамаға сəйкес жергілікті атқарушы органдармен бірге жерді қайта айналымға енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр» — деп хабарлады министрліктегілер.

Еске салсақ, 2016 жылы Ресей мен Қазақстан жалға алынған 1,7 млн гектар жер учаскісін қайтару туралы құжаттарға қол қойған.