Ресейдің жалпы ішкі өнімі 2 пайызға төмендеді

734

Ресейдің ЖІӨ 2015 жылдың бірінші тоқсанында 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 1,9  пайызға төмендеді. Бұл туралы Ростаттың баспасөз-баяндамасында жазылған. Осыған дейін Ресейдің экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев отандық экономикадағы құлдырау қаңтар-наурыз айларында 2,2  пайыз болады деп мәлімдеген.

Сәуір айының соңында экономикалық даму министрінің орынбасары Алексей Ведев бірінші және екінші тоқсандағы жағдайлардан кейін экономика қалпына келіп, жыл соңында өсім басталады деді. Екінші тоқсандағы төмендеу 3 пайыз болуы мүмкін.

Экономикалық даму министрлігінің болжамы бойынша, 2015 жылы РФ-ның ЖІӨ 3 пайызға төмендейді. Есеп палатасы экономикадағы құлдырау 2008-2009 жылдардағыдай тәрізді тереңірек болады деп бағалап отыр.  Ол кезде ЖІӨ 7,8 пайызға дейін азайған еді.

Ал Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Ресей экономикасы жыл соңында 3,8 пайыз төмендейді деп есептейді. Morgan Stanley банкінің бағалауынша, Ресейдің ЖІӨ 5 пайызға азаюы қажет.