Ресейлік банктер кредиттік кепіл заты ретінде бұғылар мен майнингтік ферманы ала бастады

237
Фото: ТАСС/Антон Тайбарей

Ресейлік кәсіпкерлер банктер кредит алу кезінде ерекше әрі біртүрлі активтерді кепілдікке қоя бастады.

Мысалы: майнингтік ферма, бұғылар мен үй жануарлары: жылқы, шошқа, қоян, тауық, қаз. Бұлардың бәрін банктер дәстүрлі кепілдік: тұрғын үй, құнды қағаздар, бағалы тастар мен алтынмен қатар кепілдік заты ретінде алады. Бұл туралы Федералдық нотариалдық палатадан білген «Новости» таңқалысқа толы мақала жазды. Басылымның жазуынша дәстүрлі емес активтерді кепілдік заты ретінде алу әлемдік тәжірибеде бар екен. Бұл кепілдік активтерін әртараптандыруға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде несиелендіруге жағымды ісер етеді. Егер банкке барынша көп кепілдік ұсынса, соғұрлым кредит алу жеңіл.

Ресейдің нотариалдық палатасы 2014 жылдан бастап жылжымалы мүліктің тізілімін жүргізіп келеді. Ол кезде ресурс кредитке кепілдік мүлкі ретінде автокөліктерді ғана тіркесе, қазір биткойндардың майнингі үшін керекті видеокарта, бұғы, жылу пештері, бұғы, үй жануарлары бар. РНП мәліметінше соңғы жылда жылжымалы мүлік реестрі 56%-ға өскен. 2017 жылдың қыркүйегінде ғана кепілзат көлемі 4 млн-ге дейін жеткен. Оның 1,7 млн автокөлікке қатыссыз, « басқа да кепілзаты» бөлімінде тіркелген. Яғни видеокартадан бастап, үй жануарына дейін осы санатта. Бұл көрсеткіш соңғы кезде тұрақты түрде өсіп келеді. Мысалы: майнингтік фермаларды кепілдікке қою туралы өтініш 100%-ға, 108 данаға дейін өскен. Шаналарды кепілдікке қою — 98%-ға, 85 данаға дейін өскен. Бұғыларды 70 рет кепілдік заты ретінде ұсынған, өсім 67%. Жылу пештерді 12 712 рет ұсынған, өсім 86%. Шошқаларды 1137 рет, қояндарды 160 рет, тауықтарды 1456 рет ұсынған.

Дәстүрлі емес активтерді кепілдік ретінде ұсынылуы халықаралық банктік тәжірибеде кездеседі екен. Мысалы: италиялық кредиттік ұйымдар кепілдікке пармезанды алады. Ресейлік банктер осы әлемдік тәжірибені ала бастаған сыңайлы.

Ресейлік сарапшылар алдағы уақытта кредиттік портфельдің 80–90%  автокөлік сияқты дәстүрлі кепілзаттарын алса,10–20% түрлі «экзотикаларға» бұйырады.  Бұл көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін. Алайда бұл жерде кепілдік заттарын бағалауда қиындық бар.

Ресейлік банктердегі «өзгеріс» осы. Біздің қазақстандық банктерде мұндай «ерекше кепілзаттары» бар ма?  Бұл туралы алдағы уақытта жазамыз.