Ресейліктердің әлеуметтік желілердегі хат алмасуы тексерілетін болады

Ресейліктердің әлеуметтік желілердегі хат алмасуы тексерілетін бол

Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Роскомнадзорға әлеуметтік желі қолданушыларының хат жазысуларын тексеруге мүмкіндік беретін қаулыға қол қойды.

Аталған құжат бойынша Роскомнадзордың «Одноклассники», «ВКонтакте» желілері мен электронды поштадағы және (Агент.Mail.ru, ICQ) мессенджерлеріндегі қолданушылардың хабарламаларды қабылдау, өңдеу, жеткізу, тасымалдау процестеріне бақылау жасай алуға құқықтары бар. Сондай-ақ ведомства ақпарат таратушы ұйымның ресурстарын да қадағалап, сараптама жасауға, тұтынушылардың әлеуметтік желідегі әрекеттерін бақылап, жазып алуға мүмкіндіктері бар.

Хат жазысуларды тексеру тек құқық қорғау органдары іздеу шараларына байланысты өтінім берген кезде ғана іске асырылу қажет. Тексеріс екі рет орындалады. Екінші тексеру 60 күннен аспайтын мерзім ішінде ғана жүргізілуі қажет.