Республикада ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

228
ең
фото: 7kun.kz

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — 2020 жылғы қаңтарда ҚР-да орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы бір жылда 11,6%-ға ұлғайып, 30 мың теңгеге жетті. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде сомасы 26,9 мың теңгені құрады, жылдық өсім — 4%. Мұндай мәліметтерді finprom.kz ұсынды.

Осы жылдың қаңтар айында тауарлар мен қызметтердің бағасы өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 5,6%-ға өсті. Оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 9,2%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,2%, ақылы қызметтер 1,4% өсті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең үлкен мөлшері дәстүрлі түрде Маңғыстау облысына тиесілі: 35,4 мың теңге — орташа республикалық мәннен 18%-ға артық. Көшбасшылар үштігіне Нұр-Сұлтан (33,5 мың теңге) және Алматы (33,1 мың теңге) қалалары кірді, бұл өңірлерде ең төменгі күнкөріс деңгейі республика бойынша орташа мәннен тиісінше 11,6%-ға және 10,4%-ға көп.

Алматы және Түркістан облыстары ТОП-5 аймаққа кіреді: тиісінше 30,7 мың және 30,3 мың тг. Тұтастай алғанда, ел бойынша тек алты өңірде ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық мәннен асады.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең аз шамасы Павлодар (26,3 мың теңге), Батыс Қазақстан (26,9 мың теңге) және Ақтөбе (27,2 мың теңге) облыстарында байқалады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі базалық зейнетақы төлемі, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мүгедек балаларды күту бойынша жәрдемақы сияқты әлеуметтік төлемдерге байланысты.

Қаңтар айында ең төменгі күнкөріс деңгейінің жалпы сомасындағы ет және балық өнімдері үлесінің 2019 жылы 20,5%-дан 2020 жылы 21,1%-ға дейін өсуі тіркелді. Нан мен жарма өнімдерінің үлесі де өсті — ең төменгі күнкөріс деңгейінен 8%-ға дейін.

Бұл ретте сүт, май өнімдері мен жұмыртқалардың үлесі 16,5%-дан 15,9%-ға дейін, ал жемістер мен көкөністердің үлесі 8,2%-ға дейін қысқарды. Қант, шай және дәмдеуіштердің үлесі 2,2%-дан 1,8%-ға дейін азайды.

Айта кетейік, азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге келетін үлес заң бойынша 45%-ды құрайды.