Риодағы алтынның құны қанша?

1049
Фото:sputnik-tj.com

Олимпиада басталғалы бері 1 аптаға жуық уақыт өтті. Қазақстандық спортшылар әзірге,  2 алтын, 2 күміс, 3 қола иеленді. Лондондағы жетістікті қайталау үшін әлі уақыт бар. Ал жеңімпаздар елге оралғанды оларды қандай олжа күтіп тұр?

Қазақстандықтар үшін 2012 жылғы Лондон олимпиадасының орны бір төбе. Шетелдік сарапшылар отандық спортшылар медаль иелену үшін аянбай тер төгеді деп күтпеген тәрізді. Қазақстан қоржынында 7 алтын, 1 күміс және 5 қола келді. Еліміздің Олимпиядалық комитеті де аянып қалған жоқ. Алтын медаль алғандарға 250 000 АҚШ доллары, күміс медаль иегерлеріне 150 000 доллар және қол медальға қол жеткізгендерге 75 000 доллардан сыйлады.

Афинадағы Жазғы ойындардың уақытынан бері қазақстандық жеңімпаздардың гонорары да өсе түскенін байқауға болады. 2004 жылдары чемпиондарға 100 000 доллар, күміс жүлдегерлерге 50 000 доллар, қола иегерлеріне 30 000 доллар берілген еді. Бразилия жеңімпаздары үшін қанша төленетіндігі әзірге нақты емес. Дегенмен ARD басылымының жазуынша, 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына осыған дейінгідей жүлде беріледі. Баспасөз сілтеме жасаған дереккөздің сөзінше, алтын медаль алған қазақстандық спортшыларға 250 мың доллар және 3 бөлмелі пәтер, күміс медаль иегерлеріне 150 мың доллар және 2 бөлмелі пәтер, ал 3-орынға қол жеткізгендерге 75 мың және 1 бөлмелі пәтер беріледі деп уәде берілген. Бұл Орта Азиядағы ең жоғары сыйақының бірі деп жазады қазақстандық БАҚ.

Басқа елдер қанша төлейді?

ARD жазуынша, спортшыларға сыйақы беруден тарихи рекорд Қытайға тиесілі. 2008 жылғы Олимпиадада әрбір чемпионға 1 млн доллар төленген. Мемлекет беделі үшін командалық есепте жеңудің маңызы зор болған еді.  Бірақ Бразилияда берілетін қазіргі сыйақы көлемі салыстыруға да келмейді. Рио 2016 жеңімпаздарына 50 мың доллардан ғана беріледі.

Осы жылғы рекордшы олимпиадалық чемпиондарға 510 мың доллардан төлейтін Әзербайжан болмақ.  2 орында Тайланд, ел үкіметі жеңімпаз спортшыларына 314 мың доллардан сыйлауға уәде еткен. Бірақ бұл сома олимпиадалық чемпионға 20 жыл көлемінде беріліп отырады, сондықтан оны стипендия деп атау лайықты тәрізді.  Жомарттық эстафетасындағы үшінші орын алтын медальдің құнын 250 мың доллар деп бағалаған Қазақстанда.

Ал FoxSports жазуынша, алтын медаль және спортшылар басқаларына қарағанда Сингапур көбірек қадірлейді екен. Ол елде жеңімпаздарға 753 мың доллардан төленеді.

Снимок222

Инфографика:InsiderPro

Осынша қыруар қаржы төленетін алтын медальдің өз құны бар болғаны — 600 доллар. Оның 91,4% күміс, 7,4%-ы мыс және 1,2%-ы немесе 6 граммы — алтын. Салмағы — 500 грамм.

Күміс медаль 325 долларға, қола медаль 3 долларға бағаланды. Соңғысының құрамында 97% мыс, 2,5% мырыш және 0,5% қалайы бар.

Рио ойындарындағы ең қымбат спортшы АҚШ-тың баскетбол құрамасының ойыншысы, «Оклахома» клубының мүшесі — Кевин Дюрант. Оның жылдық табысы — 56,2 млн доллар.

Алтын үшін ақша төлемейтін елдер

АҚШ-тағы сыйақы көлемі 1984 жылдан бері өзгерген емес, әлі күнге дейін құны — 25 мың доллар. Бірақ бұл мемлекеттік бонус қана, спортшылар үшін басты табыс демеушілерден келеді. Тіпті АҚШ-тың Олимпиадалық комитеті спортшыларға арнайы семинарлар өткізіп, оларды жарнама берушілермен араласуға, өздерін бренд ретінде қалыптастыруға үйретеді.

Ал Ұлыбритания мен Швеция жеңімпаздарға еш қаржы төлемейді, ол ақша балалар спортының дамуына жұмсалады. Спортшыларға көмек демеушілер тарапынан беріледі. Бұл әрекеттерін еуропалықтар қарапайым ғана түсіндіреді: ел бюджеті балалар спорты мен жастар спортының дамуына және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға жұмсалады. Ал, олимпиядалықтар барлығы да сияқты адамдар ғой дейді олар.

Әбітай Ақсәуле «7»