Риодағы Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды

1839
Фото:telegraf.com

Рио-де-Жанейродағы «Маракана» стадионында 2016 жылғы XXXI-Олимпиада ойындарының алауы сөндірілді.

Жазғы ойын алауы 21 сәуірде Ежелгі Олимпиядағы Гера храмында жағылған еді, кейінірек 5 тамызда ашылу салтанаты кезінде Риоға ауыстырылды. Ресми түрде Халықаралық олимпиадалық комитеттің президенті Томас Бах Жазғы ойындар аяқталды деп хабарлады.

«16 олимпиадалық күннен кейін мен Рио-де-Жанейродағы соңғы қызметтік міндетімді атқаруым қажет. XXXI-ші жазғы Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаймын», — деді ол жабылу салтанаты кезінде.

«Дәстүрге сай барша әлемнің жастарын 4 жылдан кейін XXXII-ші жазғы Олимпиада ойындарының ашылуын бірге мерекелеу үшін Токиода жиналуға шақырамын. Сау бол, Рио», — деді Томас Бах.

Жазғы ойындардың қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 121 медальмен бірінші орынды Америка құрамасы иеленді. АҚШ спортшыларында 46 алтын, 37 күміс және 38 қола бар. Екінші орында 27 алтын, 23 күміс және 17 медаль иеленген Ұлыбритания. 70 медальмен Қытай спортшылары үшінші орында. Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс және 9 қоламен 22 орынға тұрақтады.