Құрылыс саласындағы жұмыс көлемі 4,5 пайызға азайған

жұмыс
Фото: Kirov.ru

Алматы. 20 наурыз. 7kun.kz — 2018 жылдың қаңтар-ақпан айында Қазақстандағы құрылыс саласындағы жұмыс және қызмет көлемінің табысы 174,9 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға аз. 

Жұмыстардың 82 пайызын жеке ұйымдар жасаса, 17,9 пайызын шетелдік компаниялар атқарды, ал мемлекеттік ұйымдардың көрсеткіші 0,1 пайызға тең.

Құрылыс саласындағы жұмыстардың қысқаруы Қостанай облысында (6,2 пайызға), Астанада (24,4 пайыз) және Атырау облысында (28 пайыз) байқалады.

2018 жылдың алғашқы екі айында құрылысқа тапсырылған аумақ 2,2 млн шаршы метрді құрады.