Сәби үшін ең қажет 7 тауар

4914
сәби

Отбасында сәбидің дүниеге келуі үлкен қуаныш әрі үлкен жауапкершілік. Жаңа туған сәби үшін қажетті заттарды алу біріншіден жүйкені жұқартса, екіншіден уақыт пен ақшаны талап етеді. Сондықтан біз сәбиді перзентханадан шығаратын кезде қажет болатын негізгі тауарлардың тізімін жасап, оларды тиімді бағамен қайдан сатып алуға болатынын анықтап көрдік. Бұл жас аналар үшін дайын құрал болмақ!

Балалар арбасы

Көптеген аналар балалар арбасын таңдау көлік таңдаудан да қиын екенін айтады. Алайда бұған таң қалудың қажеті жоқ. Себебі балаға арналған көлік көптеген талаптарға сай болуы керек. Арба ыңғайлы, ауыр болмауы қажет. Сондай-ақ, арбада кең орындық пен аспалы бесік болғаны жөн, дөңгелектері қозғалуға ыңғайлы, ауа алмасатын, тежегіші жұмсақ болып, азық түлік немесе киімдер салып қоятын себеті, заттар салуға арналған сөмкесі және жаңбырда немесе қыс мезгілінде қолданылатын қаптамалары болғаны дұрыс.

Балалар арбасын таңдауды босануға бірнеше ай қалғанда қолға алу керек. Себебі арбаның түрлері көп болғандықтан таңдау қиынға соғуы мүмкін. Жаңа туған сәбилер үшін ең тиімдісі аспалы бесік пен трансформер арбалар. Ал егер бала жаз мезгілінде дүниеге келетін болса серуендеуге арналған арбаны таңдаған жөн.

Сондай-ақ арбаны таңдау кезінде Quinny, Hauck, Peg Perego, Inglesina маркаларына назар аударыңыз. Олардың бағасы 50 000 теңгеден 550 000 теңге аралығында.

Автокресло

Батыста балаларды автокресломен алып жүру қалыптасқан норма. Тіпті бұл аймақтарда көлік карситсіз сәбиді алып кетуге келетін болса, ана мен баланы перзентханадан шығармайды. Ал біздің елімізде мұндай қауіпсіздік шараларын талап ету заңды түрде енді қолға алынды. Сондықтан автокресло сәби дүниеге келген күннен бастап қажет дүние екенін ескеріңіз.

Жаңа туған нәресте үшін 0+ тобындағы кресло қажет. Бұл креслоны шамамен сәби бір жасқа келгенге дейін пайдаланасыз. Олар автокөліктің қозғалысына қарсы штатты белбеулер арқылы  орнатылады. Кейбір модельдер арнайы адаптерлер арқылы арбаның шассилерінде орналастырылады.

Сатып алуға болатын маркалар: Maxi Cosi, Nania, Recaro, Cybex

Бағасы: 12 000 теңгеден 80 000 теңгеге дейін.

Төсек

Аналардың көпшілігі баланы қайда жатқызатыны туралы мәселені жиі талқылайды. Алайда қандай нұсқаны таңдасаңыз да сәбиге арналған төсек болуы керек.

Қазір манеждерді таңдау мүмкіндігі көп. Көпшілігі маятникті механизммен, тербелетін табанымен ерекшеленеді және киім-кешек жәшігі, комодтары болады. Сондай-ақ, жасөспірімге арналған манеж түрлері де бар. Ал оны тек бала үш жасқа келгенге дейін ғана емес, одан да ұзақ уақытқа пайдалана аласыз. Манежді сатып алу кезінде оның төсемесінің қатты болуына және маталарының табиғи болуына мән беріңіз.

Сатып алуға болатын маркалар: Mibb, Гандылян, Glamvers, Ikea, Ellipse bed

Бағасы: 20 000 теңгеден 200 000 теңгеге дейін

Киімдер мен жөргектер

Қазіргі кезде жейделер мен балаға арналған жөргектерді слип пен боди алмастырды. Боди мен слипті балаға кигізу өте ыңғайлы әрі сәбидің денесі қысылмайды. Жаңа туған нәресте үшін қолдары жабық, баланың жатуына ыңғайлы болу үшін түймелері алдында орналасқан слиптарды таңдаңыз. Бұдан бөлек, балақайдың гардеробында жеңіл тақиялар мен шұлықтар,  комбинезон-конверт сынды қыстық заттар да дайын болғаны жөн.

Ал жөргектің жөні бір бөлек. Оны кейбірі пайдаланбауы мүмкін. Алайда жөргек бала суға түссе де, арбаға немесе төсекке жатса да ең қажетті заттардың бірі. Қазіргі кезде муслиннен жасалған жөргектер трендте. Олар өте жылы, жеңіл және баланың еркін демалуына мүмкіндік береді.

Сатып алуға болатын маркалар: Next, Mothercare, Marks and Spencer, Carters

Бағасы: 40 000 теңгеден басталады

Гигиеналық заттар

Баланы күтіп баптау үшін жас анаға ылғалды майлықтар (спиртсіз), балаларға арналған сабын, балалар сусабыны, май, құлақ тазалауғ арналған таяқшалар, балалар кремі, бас жағы дөңгелек формадағы қайшы, судың жылылығын анықтайтын термометр және ваннаға арналған тұз немесе шөптер керек. Сондай-ақ, балалардың аллергиясын туғызбайтын балалар киімін жууға аналған ұнтақ немесе кондиционер сатып алған жөн.

Сәбилерге арналған заттар тізімін жасаған кезде бір рет қолданылатын жаялықтардың да бар екенін ұмытпаңыз және оған кететін шығынды да есептеп алыңыз. Себебі нәресте дүниеге келген күннен бастап аптасына шамамен 50 жаялық қажет болады.

Сатып алуға болатын маркалар: Pampers, Naty, Moony, Chicco, Mustela, Biolane, «Наша мама»

Жинақ бағасы: 20 000 теңгеден басталады

Радио және видео күтуші

Егер сіз жеке үйде тұрсаңыз гаджет міндетті түрде қажет болады. Тіпті пәтерде тұрған күннің өзінде радио немесе видео күтуші жас ана үшін таптырмайтын құрал. Себебі осы құралдар арқылы сәби ұйықтап жатқан кезде басқа бөлмедегі шаруаларыңызды жылдам бітіресіз.

Сатып алуға болатын маркалар: Motorola, Maman

Бағасы: 20 000 теңгеден 115 000 теңгеге дейін.

Мобиль, баланы дамытуға арналған кілемше, шезлонг

Жаңа туған сәбилер 20 сағатқа жуық уақытын ұйқыда өткізеді. Ал олар оянған уақытта сергітіп, көңілін көтеру қажет. Мұндай жағдайда шезлонг пен баланы дамытуға арналған кілемшенің көмегі зор. Сондай-ақ, ашық түсті ойыншықтар баланың дүниені танып білуіне мүмкіндік береді. Ал әсем әуен баланың тыныш болуына көмекетеседі.

Сатып алуға болатын маркалар: Tiny Love, Fisher Price, Chicco, Bertoni

Бағасы: 5 000 теңгеден 80 000 теңгеге дейін

Сонымен жаңа туған сәби үшін кем дегенде 170 мың теңге қаражат керек. Бірақ қаражаттың жұмаслуы сіздің жағдайығызға байланысты екенін естен шығармаңыз. Бәрін бірден сатып аламын деген ойдан да аулақ болыңыз. Тіпті дүкендерді аралап, бағаларды салыстырып, ұнағанды таңдаудың өзі қиынға соғады. Сондықтан біз сізге көмектесе алатын ең үздік интернет дүкендердің тізімін жасадық.

Kaspi.kz – балаларға арналған тауарларды алдын ала төлемсіз 3 айға бөліп төлеу арқылы немесе 2 жылға кредитке сатып алуға болатын интернет-дүкен. Бірнеше тауарды бірден сатып алуда немесе қымбат затты алған кезде өте ыңғайлы;

Minim.kz – балалар емізігінен арбаға дейінгі заттарды таңдауға болатын интернет дүкен;

Avtokresla.kz – кез келген талғамдағы автокреслолар мен арбалар;

Baby-in-car.kz – автокреслолар сататын онлайн-дүкен;

Kinderyta.kz – ойыншықтар үшін үлкен таңдау;

Kz.nextdirect.com – әдемі әрі сапалы балалар кімін Қазақстан бойынша тікелей жеткізетін дүкен желісі.