«Сұлтан» фирмасының тарихы

Сұлтан

Sultan Marketing Co. — ұн, ұнтақ жарма және макарон шығаратын өндірістік кешен. Қазіргі таңда «Сұлтан Маркетинг» компаниясы тек еншілес кәсіпорындардың ғана емес, сонымен қатар үшінші өндірушінің де түрлі өнімдерін шетелге шығару және шетелден алып келу жұмыстарын жүзеге асырып жатыр. Бас офисі Алматыда орналасқан.

Фирма 1996 жылы «Сұлтан» сауда белгісімен өндірілген өнімдерді тарату және сату мақсатында құрылған. Қысқа мерзім ішінде маркетингтік фирмаға айналып, бүкіл Қазақстан бойынша қызмет көрсететін деңгейге жетті.

 1Гоксел Дурак

Бас Директор

“Sultan Marketing” LTD

ӨНІМДЕРІ:

  • Сұлтан макарон-ұн өнімдері өндіріс кешендері

Макарон жармасы, ұн және макарон өнімдерін өндіретін кешені 1996 жылдың ақпан айында Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында қолдануға берілді. Бүгінгі таңда фабрикада 323 адам еңбек етеді.лгонреп

 Фабрика қазақ, түрік, италиян және швейцария мамандарының ортақтаса жұмыс істеуі нәтижесінде жабдықталды. Бүгінде «Сұлтан макароны» фабрикасы базарға жарма, кебек, екінші сұрыпты ұн және қатты бидайдан өндірілген 27 түрлі «Сұлтан» сауда белгісімен қалың және жіңішке макарон өнімдерін шығарады.  Фабрика ай сайын 3400 тонна макарон өнімдері, 600 тонна ұн, 1100 тонна жарма өндіреді және айына 100 тонна өнім сақтау мүмкіншілігі бар Салымдарын 2006 жылы да жалғастырмақшы болып отырған «Сұлтан Макарон» өндіріс кешені жоғары дәрежелі нан жасауға арналған ұн өндіру үшін жұмсақ бидай тарту құрылысын бітіруге жақын.

 Бидайдың диірменнің астық бастырма бөлімінде өңделуі нәтижесінде ұнтақ жарма, ұн және кебек дайындалады. Макарон өнімдері өндірілетін кешенде макарон өнімдерінің қалың және жіңішке түрлерін дайындайтын үш желілі жабдықтар бар. Өндіріс желілері силикон қосылған тот баспайтын болаттан жасалған.

  • Кондитерлік өнімдер

Фабрикада печенье өндірісінде Ван Дер Пол/ Голландия, вафли өндірісінде Рапидо/ Алмания, шоколад өндірісінде Лехман/Алмания, шоколадпен қаптама жасауда Чокотеч/Алмания мен қораптауда Феса/ Испания мен Отем/ Италия түгелдей автоматтандырылған, жоғары технологиялы машиналар қолданылуда. Қазіргі таңда фабрикада 74 түрлі өнім шығарылады.  

Құрылған күннен бастап 10 000 тонна ұн, 6000 тонна шекер мен 3000 тонна май қолданылды. Қазір фирмада 300 адам жұмыс істейді және бұл аймақ халқын жұмыспен қамтамасыз ету нысаны болып табылады. Өнімдер Қазақстан базарымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресей базарын да жаулап алған.

  • Ұн өнімдері

ждлшго«Сұлтан Ұн» ұн фабрикасының өндіріс күші айына 6000 тоннаны құрайды. Фабрика негізінен Қазақстанның солтүстік аймақтарынан алынған бидайларды өңдейді. Бидайдың әрбір партиясының әр жерінен бидайлар алынып, «Сұлтан Ұн» лабораториясында сапасы мен ерекшеліктері анықталады. Гектолитр, ылғалдылық, балуыз, балуыз индексін талдау мен тексеру осы сапа мен ерекшеліктерді анықтау кезінде жасалатын саралау болып табылады. Лабораториялық саралау нәтижесінде бидайлар қоймаларға сыныпталып,сақтау орындарына сыныптарына қарай сапа ерекшеліктеріне сай бөлек-бөлек қойылады.

«Сұлтан» ұны Солтүстік Қазақстанның арнайы таңдалып алынған бидайларынан өндіріледі. Аймақ пен топырақтың ерекшеліктеріне және балуыздың жоғары дәрежесіне байланысты біздің ұнның түсі ақшыл сары түсті болып келеді.

Қазіргі кезде «Сұлтан Маркетинг» фирмасының құрамында 400-ден астам жұмысшы еңбек етеді және Қазақстанның 11 аймағы мен 7 түрлі мемлекетте өз филиалдары бар.

Қызметкерлердің орташа жасы: 35 жас

Қызметкерлердің орташа еңбек өтілі: 3 жыл

Қызметкерлердің білімі: магистр 0,2%, университет  40 %, орта білім 60 % 

Қызметкерлердің ішінде әйелдер мен ерлер саны: әйелдер: 108, ерлер: 149

Султан

Сұлтан Маркетингтің сату күші әр апта шамамен 17 000 тұтынушыны (тауар сату нүктесі) құрайды. Фирма жалпы алаңы 15 000 м2 жабық қойма ғимаратын қолдануда және құрылғаннан бері 14 мемлекетпен, соның ішінде Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Моғолстан, Түркіменстан, Литва, Әзербайжан, Летония, Белорусия, Алмания мен Қытаймен экспорттық қарым-қатынас орнатылған. Мемлекет ішінде де, мемлекеттен тыс та дамуын жалғастыра отырып, Қазақстан экономикасына маңызды үлес қосатын көшбасшы таралым фирмасы болуды мақсат етеді. 2007 жылдың сәуір айының аяғынан бастап Сұлтан макарондары Алманияға да шығарыла бастады.

Мәліметтер sultanmarketing.kz сайтынан алынды

Дайындаған Ақсәуле Әбітай «7»