S&P рейтинг агенттігі дағдарыс алдында рейтингті тым арттырғаны үшін АҚШ-қа 1,5 $ млрд төлейді

375
S&P ірі еуропалық банктердің рейтингілерін төмендетті

McGraw Hill Financial Inc. тобына жататын  Standard & Poor’s халықаралық рейтинг агенттігі 2008 жылғы қаржы дағдарысы алдында ипотекалық қағаздардың рейтингісін әдейі  арттыру ісіне байланысты АҚШ-тың әділет Министрлігімен, жеке штаттарымен және ірі зейнетақы қорларымен келісімге келді деп хабарлайды MarketWatch.

Келісімге сәйкес төлемнің жалпы құны 1,5 млрд долларды құрайды. Бұл McGraw Hill компания тобының жылдық түсімінен де жоғары.
Оған қоса әділет министрлігі   687,5 млн.доллар көлемінде аналогты сома алып, оны 19 штат және Колумбия аймағына бөліп береді. Бұдан бөлек, California Public Employees’ Retirement System (Calipers) қорымен де 125 млн доллар тұратын жеке келісім жасалды.
АҚШ үкіметі Standard & Poor’s-ті  ипотекалық облигацияларға жоғары рейтингтер қойып, саналы түрде инвесторларды шатасуға дейін әкелді деп айыптаған болатын. Олар жасаған рейтинг қате болып шықты,сол себепті тұрғын үй нарығы коллапсы рейтингтің көлемді төмендеуіне әкеліп, қаржы дағдарысының болуына әсер етті.

S&P келісімге келу кезінде рейтингті жоғарлату туралы айыпты мойындамады.

McGraw Hill    хабарлауынша, төлем мәселесі  21 ақпанда жарияланатын түгелдей 2014 жылға және төртінші тоқсанға арналған есепте ескеріледі.