Сәуірде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 038 теңгені құрады

310

2015 жылдың сәуір айында Қазақстандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі 19 038 теңгені құрады. Бұл жайында Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті хабарлады.

Жекелеп алғанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары бойынша есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейі сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,1%ға, 2014 жылды4 сәуір айымен салыстырғанда 4,1%-ға артты.

«Ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығынның үлесі 21,9%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаға жұмсалатын ақша — 17 %, жеміс пен көкөністер — 11,1%, нан және жарма өнімдері — 8%, қант, шай және дәмдеуіштер — 2% болды», — деп хабарлайды Статистика комитеті.