Сайт қолданушыларына арналған Ережелер

(Бұдан ары қарай — Ережелер)

1. Жалпы Ережелер

1.1 «7kun.kz» ақпараттық агенттігі жариялаған материалдың веб-парақшасында сәйкес терезе болған жағдайда сайт оқырмандары (бұдан ары қарай — Қолданушы) пікір қалдыра алады.

1.2 Қолданушы пікірі материал мазмұнына қатысты сайт оқырманының жеке көзқарасы болып табылады.

1.3 Материал астындағы Қолданушы пікірі Редакцияның немесе сайт Құрылтайшысының пікірін білдірмейді.

1.4 Қолданушы пікірі үшін толық жауап береді.

1.5 Кез келген Қолданушы осы Ережелерді сақтаған жағдайда өз пікірін сайтта жариялай алады.

2. Пікір қалдыру шарттары

2.1 Пікір қалдыру үшін Қолданушы өз аты-жөні мен электронды мекенжайын қалдыруы керек немесе қандай да бір әлеуметтік желідегі жеке парақшасы арқылы кіріп пікір жариялай алады.

2.2 Қолданушының аты-жөні мен электронды поштасы сайтта тіркелуді білдірмейді.

2.3 Пікір жариялау арқылы Қолданушы материал мазмұнына қатысты өз көзқарасын немесе материал авторына яки редакцияға деген ұсыныс-ойын жеткізе алады.

2.4 Материал астында үшінші тарапқа тиесілі құпия ақпаратты рұқсатсыз жариялауға немесе өзіне тиесілі, бірақ жариялауға заңды түрде рұқсаты жоқ мәліметтерді қалдыруға тыйым салынады.

2.5 Материал астында Қолданушының заңды түрде ешқандай құқығы болмаған жағдайда қандай да бір тауар белгісіне, коммерциялық құпияға, жеке бас құпиясына және өзге де авторлық құқыққа қатысы бар және осыған қатысты өзге де заңнаманы бұзатын мәліметтерді жариялауға тыйым салынады.

2.6 Материал мәтінінде аты-жөні, атауы кездесетін немесе ешқандай қатысы жоқ қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жариялауға заңнама тыйым салатын, Қолданушының құқығы жоқ мәліметтерді қалдыруға тыйым салынады.

2.7 Материал астында зорлық-зомбылыққа үгіттейтін, қандай да бір жеке немесе заңды тұлғаның ар-намысына, абыройына, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін, заңға, тәрбиеге, этикаға қарсы мазмұнға ие пікірлерді жариялауға тыйым салынады.

2.8 Материал астында боқтық сөздері бар пікір қалдыруға тыйым салынады.

2.9 Материал астында жарнамалық мазмұндағы пікір қалдыруға тыйым салынады.

2.10 Нәсілдік, діни, ұлтаралық, әлеуметтік немесе тілдік негізде қандай да бір алауыздық тудыруға, арандатуға, соғыс пен қандай бір өзге топқа қарсы күрес жүргізуге үгіттеуге тыйым салынады.

2.11 Материал астында материал мазмұнына қатысы жоқ пікір қалдыруға тыйым салынады.

2.12 Сайтқа қарсы бағытталған, сайттың жұмысын бұзуды мақсат еткен пікір қалдыруға тыйым салынады.

3. Сайт әкімшілігінің құқығы

3.1 Сайт әкімшілігі кез келген сәтте Қолданушыға ескертпестен пікірді өшіре алады.

3.2 Сайт әкімшілігі аталған Ережелердің 2-ші бөлімінде келтірілген жайттарға қатысты жауапкершілікті толық Қолданушының мойнына жүктейді.

3.3 Сайт әкімшілігі кез келген сәтте заңнама аясында жарияланған материалдың мазмұнын өзгерте алады.

4. Өзге жайттар

4.1 Сайттағы сілтемелер арқылы өту-өтпеу Қолданушының құқығында. Сілтеме арқылы өткен Қолданушы өзге сайттың мазмұнына, материалдарына қатысты бар тәуекелді өз мойнына алады.

4.2 Сайт әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшін Қолданушы қылмыстық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертеді.