Сайттағы жарнаманың құны қанша?

1062
Фото: rbc.ru

Ақпарат сайттарында, порталдарда негізгі қаржы көзінің бірі — жарнама. Ал ол қызметтің құны қанша?  Арнайы материал немесе баннеріңізді орналастыру үшін қанша қаржы жұмсайсыз? 7kun.kz анықтап көрді. 

Қазақстандғы нөмірі бірінші сайт nur.kz-те жарнама құны 700 теңгеден басталады. Әрине мұнда баға жарнама баннері орналасатын орын мен оның өлшеміне байланысты. Баннердің мынадай түрлері бар және баға қосымша құн салығынсыз есептелген (1000 рет көрсетілім үшін):

Ал 280х80 (desktop) өлшеміндегі баннердің құны айына 1/2 трафик үшін қосымша құн салығынсыз 350 000 теңге. 240х400 (desktop) өлшеміндегі баннер — 175 000 теңге.

Nur.kz сайтының стандартты емес баннерлерінің мындай түрлері бар:

Бұл баннерлерде жарнаманы 3500 — 800 теңге аралығында орналастыруға болады. Ал экран жан-жағына толық орналастыру (Брендирование (desktop)) 500 000-400 000 теңге аралығында. Бағалар қосымша құн салығынсыз белгіленген.

Видео жарнама 1339 теңгеден басталады және жарнаманы орналастырудың тағы бірнеше түрі бар. Ал СРС жарнамалардың құны 100 000-600 000 мың теңге.Баға жарнама пакеттерін шерту санына байланысты болады.

Сайтта ең қымбаты — жарнама құқығына ие мақалалар. Жарнама құқығына ие мақалаларды жаңалықтар тобына 1 тәулікке шығару 600 000 мың теңгені құрайды. Ал Қазақстан мен әлем жаңалықтарына орналастыру — 480 000 теңге. Тақырыптық айдарлар мен компания жаңалықтарына жарнама беру тәулігіне 150 000-100 000 теңге.

Tengrinews.kz сайтында 980×100 — top, 980х100 — bottom, 460×80, 240×400 өлшемдегі баннерлерде жарнаманы 1400-1250 теңгеге орналастыруға болады. Сондай-ақ, 240×210 өлшемінде айына 1/4 трафик үшін жарнама құны  — 300 000 теңге.

Ақпараттық жарнама материалдар үшін. PR белгісіндегі коммерциялық материалдарды бір тәулікке орналастыру қосымша құн салығын қоса есептеген кезде 600 000 теңге және материал 2500 белгіден аспауы керек. Коммерциялық материалды орналастыру — 360 000 теңге.

TengrinewsTV бойынша бір сағатқа тікелей трансляция жасау — 350 000 теңге. 2 минуттан кем емес видеосюжетті 1 тәулікке жариялау — 250 000 теңге.

Егер материалдар сайт тарапынан өңделетін болса қаражатқа қосымша 15% қосылады. Ал сұхбат алып, сайттың бастапқы бетіне орналастыру 1 млн теңгені  құрайды.

Zakon.kz сайтында жарнаманы статикалық (белгілі бір уақыт аралығында орналастыру), динамикалық (көрсетілім бойына орналастыру) және экранға толық түрде (сквозной) орналастыруға болады.

Сонымен Fullscreen форматы бойынша 1200х600 өлшеміндегі баннерге (динамика) жарнама беру 3300 теңгені құрайды. 30 белгіге дейінгі гиперсілтемені орналастыру 16 000 теңге шамасында. Т1-В1 аралығындағы форматтар бойынша жарнама орналастыру 3300-5500 теңге аралығында. Тек өзіңізге ыңғайлы формат пен бағаны таңдасаңыз болғаны.

PR материалдарды орналастыру құны. 1800 белгіден аспайтын (аралықты қоса есептегенде), 5 фотаға дейінгі мемлекеттік немесе орыс тіліндегі материалдың иесі жаңалықтар бөліміне шығару үшін 90 000 теңге, ал басты жаңалықтарға шығару 255 000 теңге төлейді. Ал 1800-5000 белгі шамасында мақала орналастыру 500 000 теңге. 

Мақаланы әлеуметтік желілерде мемлекеттік немесе орыс тілінде жариялау (Facebook, VK, Mail.ru, Twitter, Одноклассники, Google +, Instagram)  20 000-60 000 теңге аралығында.

5400-ге жуық белгі мен 10 фотоны қоса есептегенде сұхбат жариялау 500 000 теңгені құрайды. Пресс-турға (мақаланы жариялау + фоторепортаж) шығу — 750 000 теңге.

vlast.kz сайтында жарнама орналастыру 760-1500 теңге аралығында. Ал көлемді дайын материалдарды «Новости», «Жизнь» немесе  «Аналитика» айдарына орналастыру 151 800 теңге, егер  Vласть редакциялайтын болса 196 000 теңге.  «Лонгриды», «Vласть объясняет», «Тесты», «Внутри», сондай-ақ, «Детали» (сұхбат, мақала, инфографика т.б.) айдарына натив жарнама шығару 250 000 теңге.

«Жизнь» немесе «Аналитика» айдарына дайын материалды жариялау 230 000 теңге, егер Vласть қайта өңдейтін болса 287 500 теңге. Фоторепортаж шығару 227 000 теңге. Материалдар Vласть сайтының басты бетінде 3 күн тұрады. Одан кейін материалды орналасқан айдардан табуға болады.

kapital.kz сайтында жарнама үшін және жарнама агенттіктеріне жеңілдіктер қарастырылған. Бұл сайтта жарнама баннеріне А1-А5 аралығындағы форматта жарнама орналастыру 1500-900 теңге. 500 белгіге дейінгі ақпараттық және PR жаңалық жариялау 100 000 теңгеден басталады. 4 минутқа жуық видеоролик пен фоторепортаж шығару — 120 000-200 000 теңге.

Forbes.kz сайтында да жарнама орналастырудың бірнеше форматтары бар. Мысалы А форматында 980×90 өлшемі бойынша экранға толық орнату 2600 теңгені құрайды. Жарнама көрсетілімі — 1000 рет. G бойынша 980×90 өлшемінде жарнама орналастыру құны айына 386 500 мың теңге.

PR материалдарды (7000 белгі + 5 сурет) бастапқы бетке 1 күнге орналастыру 257 600 теңге, 3 күнге орналастыру — 515 200 теңге. Егер PR материалды жазуға кәсіби журналист араласатын болса қосымша 33600 теңге төленеді. Бағалар қосымша құн салығымен есептелген.