Самұрық-Қазына ForteBank капиталынан толығымен шықты

Самұрық-Қазына ForteBank капиталынан толығымен шықты

Наурызда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ForteBank акционерлері құрамынан толығымен шықты. Бұл туралы kapital.kz іскери ақпарат орталығы хабарлайды.

«2015 жылдың 3 наурызында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ оған тиесілі болған ForteBank-тің 6 955 185 қарапайым акциясын (орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы көлемінің 0,01%) және 1 335 989 артықшылықты акциясын (орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы көлемінің 51%) банктің ірі акционері — Болат Өтемұратовтың пайдасына өткізуін жүргізді», — деп хабарлады банк.

2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Болат Өтемұратовтың үлесі: банктің орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы көлемінің 74,84%, орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы көлемінің 20,02%. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ үлесі ForteBank-тің орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы көлемінің 0,01%-нан, орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы көлемінің 51%-нан аспаған еді.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банк капиталындағы өз үлесін Болат Өтемұратовқа сатқаннан кейін Болат Өтемұратовтың үлесі келесідей: банктің орналастырылған қарапайым акциялардың жалпы көлемінің 74,85%,  орналастырылған артықшылықты акциялардың жалпы көлемінің 71,02%.