ЖаңалықтарТаңдаулы1

«Самұрық-Қазынаның» сыртқы қарызы 16,2 млрд долларды құрады

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылдың басында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының сыртқы қарызы 18,5 млрд долларды құраған. Қазір бұл көрсеткіш 16,2 млрд долларға тең, деп хабарлайды abctv.kz.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ экономика және қаржы жөніндегі тең басқарушы директоры Ернар Жанәділдің айтуынша, биыл қордың сыртқы қарызы 2,3 млрд долларға азайған.

«Дәл қазіргі уақыттағы біздің мақсатымыз – сыртқы борышы азайту, қаржылық тұрақтылықты арттыру және компаниялардың бағасын көбейту. Біз бар күшімізді осы мәселелерді шешуге жұмылдырудамыз», – деді Ернар Жанәділ «Үкімет үйінде» өткен брифингте.

Оның сөзінше, сыртқы қарыздың көп бөлігі, яғни шамамен 70%-ы «ҚазМұнайГаз»-ға, шамамен 20%-ы «Қазақстан Темір жолы»-на тиесілі. Қалған 10%-ы «Самұрық Энерго» мен басқа да компаниялардың үлесінде.

Tags

Осы айдарда

Close