Samsung оқушылар үшін бағдарламалау мектебін ашады

87
оқушылар
Фото: press.farm

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz — Samsung желтоқсанда оқушылар үшін арнайы бағдарламалау мектебін ашады, деп хабарлайды samsung.com.

Мектеп желтоқсан айынан басталып, 2018 жылдың сәуіріне дейін жалғасады. 2018 жылдың жазына қарай курсты өтуге тілек білдірушілер, оқушылар үшін ұзартылуы мүмкін. Тренинг Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғимаратындағы Samsung-ның IT-мектебінде аптасына екі рет 90 минуттан өткізіледі. Курстар тегін, бірақ 2017 жылдың 28 қарашасына дейін қатысуға өтінім беру маңызды.

Samsung компаниясының Coding Lab бағдарламалау курсына қатысу үшін сіз мектепте немесе колледжде оқуыңыз керек және жасыңыз 14-17 жас аралығында болуы шарт. Бұл, әдетте, 8-11 сынып оқушылары.

Ұйымдастырушылар бұл курс студенттерге Java тілінде бағдарламалау дағдыларын үйренуге және Android үшін толыққанды қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді деп айтады. Оқыту тек лекциялар форматында өткізілмейді. Қатысушылар  тәжіриебелік жаттығулармен айналысады, шағын жобаларды тапсырады, вебинарларға қатысады, өздерінің үлкен жобаларын дайындайды және оны мектепті аяқтағанға дейін қорғайтын болады. Курстық бағдарламаны сәтті меңгерген түлектерге сертификат беріледі.

Бұдан басқа, оқушылар Украина және Ресейдегі Samsung компаниясының құрылымымен және ғылыми-зерттеу орталықтарының сарапшыларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламалау мектебінің үздік түлектері жергілікті және халықаралық бағдарламалау жарыстарына қатыса алады.

Samsung IT-мектебінде болатын бағдарламалау курстарына қатысуға ниет білдіргендер қосымша ақпаратты алып, сондай-ақ мына сайт арқылы өтінім бере алады. samsung.com