«Самрұқ Қазына» ақпараттық жүйелерге бөлінетін шығынды азайтады

999
kapital.kz

«Самұрық-Қазына» АҚ қазақстандық компанияларға ақпараттық жүйе тасымалдайтын Бағдарламалық қамтамасыз етушілермен стратегиялық келісім жасау арқылы Қордың компаниялар тобына ақпараттық жүйелерді сатып алу шығынын оңтайландырады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Компаниялар тобының автоматизация деңгейі 30%-ды құрайды.Трансформация бағдарламасының жоғары еңбек өнімділігі мен компаниялардың құнын арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін автоматизация деңгейі 70% болуы шарт.  Осы Бағдарламаны іске асыру аясында және Компаниялар тобының шығынын оңтайландыру мақсатында бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесіне сараптама жасалып, негізгі қаражат төрт компанияның өнімдеріне жұмсалатыны анықталды. Олар – SAP, 1C, Microsoft и Oracle.

Өткен жылдың желтоқсан айында «Самұрық-Қазына» АҚ SAP компаниясымен стратегиялық келісімшарт жасаған болатын. Бұл компанияның корпоративтік платформаларын «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ, «Қазақстан Темір Жолы ҰК» АҚ, «Қазатомпром ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және т.б. қолданады.

«Самұрық-Қазына» мен SAP арасындағы «Әріптестік туралы келісім» Қазақстанда тұңғыш рет, ТМД елдерінде алғашқылардың бірі болып жасалды. Аталған келісімді жемісті жүзеге асыру, тасымалдаушының оңтайлы талаптары есебінен, Бағдарламалық қамтамасыз ету құнын екі еседен артық қысқартатын болады. Осы ынтымақтастықтың арқасында,   SAP-тың елдегі техникалық оқу орындарында өз студенттерімізді оқытуға, өнімін тұтынуға жұмсалатын инвестициясын есепке алмағанда, 2020 жылға дейінгі экономикалық тиімділік 200 млрд. теңге болмақ. Жақын арада осындай келісімдер 1С компаниясымен жасалады, қосымша Microsoft және Oracle компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.

«Бұл жұмыстар 2016 жылғы шілде айына дейін аяқталады деген үміттеміз», — деді, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация және арнайы жобалар жөніндегі басқарушы директоры Адамас Илькявичюс.

Тасымалдаушылармен стратегиялық келісімдер жасау Компаниялар тобының алдағы 5 жылда шығындарын айтарлықтай қысқартуына мүмкіндік береді және Бағдарламалық қамтамасыз ету жүйелерін әр саладағы (мұнай-газ, энергетика, темір жол, почта, байланыс пен коммуникация және т.т.) нақты мақсаттарға сай енгізу мен басқаруды қамтамасыз етеді.

«SAP пен «Самұрық-Қазына» АҚ әріптестігі Қазақстан экономикасының негізгі салаларында кең көлемді және ұзақмерзімді инновациялық өзгерістер енгізуге, Қор дамуының стратегиясында көрсетілген басты үдерістерді оңтайландыруға септігін тигізеді.  Стратегиялық ынтымақтастық аясында қор компаниялары жаңа, озық технологияларға, соның ішінде бизнес-үдерістерді жеңілдетіп, жеделдететін  SAP S/4HANA жоғары өнімді платформаларына қол жеткізеді», — деп мәлімдеді, SAP SE концернінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі президенті Фрэнк Коэн.