«Самұрық-Қазына» қорының табысы шамамен 2 есеге артты

28
МАЭС
Фото: sk.kz

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2018 жылы 1,2 трлн теңгеден астам таза пайда алды — пайда 2017 жылғы көрсеткіштен 1,7 есе жоғары. Бұл туралы компанияның ҚЕХС бойынша шоғырландырылған қаржылық есебінде айтылған, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.

Акционердің үлесіне келетін таза пайда 2018 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 трлн теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,9 есе көп. Түсім 37%-ға — 10,1 трлн теңгеге дейін, жалпы пайда — 44%-ға, 2,3 трлн теңгеге дейін, операциялық қызметтен түскен пайда — 2 есе, 1,2 трлн теңгеге дейін өсті. Табыс салығын есепке алғанға дейінгі пайда 1,6 есе ұлғайып, 1,6 трлн теңгені құрады. Табыс салығын шегергенде тоқтатылған қызметтен келген шығын 2,8 есеге — 3,5 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Қордың активтері 2018 жылы 5,4%-ға өсіп, 25,6 трлн теңгені құрады. Меншікті капитал 8,9%-ға — 12,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды, жарғылық капитал шамалы — 0,01%-ға, 5,1 трлн теңгеге дейін өсті.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2008 жылы құрылды. Қор еліміздің ірі стратегиялық компанияларын, соның ішінде «Эйр Астана», «Қазақтелеком», «Қазатомөнеркәсіп», «ҚазМұнайГаз», «Қазпочта» және басқаларын басқарады.