Сақтандыру компанияларының табысы бір жылда 64,7%-ға өсті

36
сақтандыру
Фото: BNews.kz

Алматы. 5 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанның сақтандыру компанияларының табысы ағымдағы жылдың екі айында 12,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 64,7% -ға көп, деп хабарлайды Ranking.

2019 жылдың екі айында сақтандырушылардың табысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,8%-ға артып, 57,1 млрд теңгені құрады. Осы уақытта шығындар 16,7%-ға, 44,3 млрд теңгеге дейін өсті.

Компаниялардың кірістерінің басым бөлігін сақтандыру қызметінен түскен кірістер — 87,4% (49,9 млрд теңге) құрайды, ал инвестициялық қызметтен түскен кірістер — 11,7% (6,7 млрд теңге). Өзге де қызметтерден түскен табыс тек 0,9% (495,1 млн теңге) болды, басқа кірістердің үлесі — 0,02% (13,6 млн теңге).

Сақтандыру компанияларының корпоративтік табыс салығы есептік кезеңде 2,2 млрд теңгеден астам теңгені құрады, оның ішінде негізгі қызмет — 2,1 млрд теңге, өзге қызметтер — 154,8 млн теңге. Өткен жылы алғашқы екі айда салық 1,5 млрд теңге болған.

Айта кетейік, 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 26 сақтандыру компаниясы тіркелген. Олардың активтері 1,07 трлн теңгені, меншікті капиталы — 467,8 млрд теңгені, сақтандыру сыйлықақыларының таза сомасы — 70,2 млрд теңгені және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша шығындар — 17,6 млрд теңгені құрады.