Сарапшы: Қару сатуды азайту терроризм мәселесін шешпейді

424

2016 жылы болған екі ірі терактіден соң Ішкі істер министрлігі (ІІМ) «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» туралы жаңа заң жобасын әзірледі. Оған сәйкес, азаматтар бұрынғыдай он қару емес, тек төрт қару сатып ала алады. Қару-жарақ дүкендерінің иелері мұндай талап кәсібімізге кедергі десе, сарапшылар мұның терроризммен күресудің тиімсіз жолы екенін айтады.

Құрамына бірнеше қару-жарақ дүкені кіретін «Алпамыс» ЖШС-нің басшысы Елена Кондрашова «заңға енгізілген толықтырулар мен өзгерістер бұл салаға кері әсер етеді», — дейді. Оның айтуынша, сатып алуға болатын қарулар санын шектеу онсыз да сұраныс азайып бара жатқан саудаға кедергі келтіріп, кәсіпкерлердің жұмысына тосқауыл болады.

— Сатып алушылар саны онсыз да бір жылдан бері түсіп жатыр. «Бәрі жақсы болып кетеді» деп болжам жасау да орынсыз, сатылатын қару санына қойылған шектеу сауданы да бәсеңдетеді. Олар жабылып қалса, қару дүкендерінде істейтін қаншама адам жұмыссыз қалады. Біз ештеңе сұрап отырған да жоқпыз, тек бұрынғы заң өзгермегенін қалаймыз, — дейді кәсіпкер.

Дегенмен, заңды талқылаған мәжіліс депутаттары соңғы оқиғаларға байланысты қауіпсіздік шараларын күшейту тиімді болатынын айтады.  Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев қаруды дайын күйінде сатпай, әрі қару-жарақ дүкендерін үй-жайлардың маңына қоймау шараларын да айтып өтті. Сонымен бірге, депутат «қолда бару қарулар санын азайту тиімді болады» деп мәлімдеген. Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов та осындай пікірде.

2007— Қолға берілетін қарудың санын шектеу керек. Әйтпесе, әкесі мен екі ұлы жүздеп қару сақтайтын болса, террористерге әскери бөлімді басып алудың керегі жоқ. Бір үйді тонаса жетіп жатыр. Қаншама адамды қырып салуына болады», — дейді мәжіліс депутаты Жанат Жарасов.

Ал «Қорамсақ» қару-жарақ ассоциациясының вице-президенті Сергей Катнов теракт жиі болатын Ұлыбритания, Испания, Германия мен Италия секілді мемлекеттерде азаматтар сақтауға болатын қару санына қатысты норманың жоқ екенін, себебі ондай шектеу басқа да салаларға зиянын тигізетінін айтады.

q2c— Елден ешқандай жеңілдік пен көмек сұрамай отырған саланың өкілі ретінде бұл шешім әділетсіз екенін айтайын. Біз бір қызметкерді жұмысқа алсақ, басқа салықтарды есептемегенде, 3 млн теңгедей қосымша құн салығын төлейміз. Оның үстіне, төрт қару ғана ұстауды талап ететін шешім — мәселені шешудің тиімді жолы емес. Мысалы, Оңтүстік Судан. Ол елде бір адам тек 1 қару мен жылына 15 оқ қана ала алады деген заң бұрыннан бар. Ал қазір онда қазір азаматтық соғыс болып жатыр, атыс жиі болады, — дейді Сергей Катнов.

Өз кезегінде, «Кипр» сараптама орталығының жетекшісі Ерлан Смайлов мұндай шектеу негізсіз жасалғанын, әрі ешқандай министрлік нақты статистика келтірмегенін айтады. Маман 2013-2014 жылдары қару арқылы ешқандай теракті жасалмағанын айтады.

q2llxuerh96eimk52jv0vmqw71wtq6— Соңғы жылдары суық қарудың көмегімен жасалатын қылмыстар саны азайып келеді. Мысалы, 2008-2015 жылдары елде 1 млн 963 мың қылмыс жасалды. Оның ішінде 4 мыңнан астамында суық қару қолданды. Сонымен қатар, аталған жылдары елде бес теракт болды, солардың біреуінде ғана суық қару пайдаланылған, — дейді сарапшы.

Сатылатын суық қару санына қойылған шектеуден бөлек, терроризмнің алдын алу үшін қандай да бір  үйде бір айдан артық тіркеусіз тұруға тыйым салынбақ.  Бұл жалдамалы пәтерде тұрып жатқандарға да қатысты. Саясаттанушы Айдос Сарым мұндай тыйымдар нақты мақсатпен күресте тиімсіз екенін айтады.

03-5_4a09eddc— Кәсіпкерлерге әділетсіз болса да, елдің тыныштығын ойлаған да дұрыс. Аң-құс та аз атылады деген пайдалы жағы бар. Бірақ осы қару-жарақты сатуда қандай да бір шектеу қою, осылай тіркеу жүргізудің барлығы — салдарымен күресу амалдары. Проблеманың негізгі себебі идеологияда жатыр. Терроризм жайылып болғаннан кейін қорғанатын амал іздемей, қайдан шығып жатыр, сонымен күресу керек, болдырмау қамын жасау керек, — дейді саясаттанушы. 

Айта кетейік, 2016 жылдың маусымында Ақтөбе қаласында лаңкестер «Паллада» қару-жарақ дүкенінен қаруларды күшпен тартып алып, дүкен күзетшісі мен сатушысын мерт қылған еді. Кейіннен дүкендегі қару-жарақ оқталған күйі сөрелерде ашық жатқан белгілі болып, дүкен директоры Артем Горлаев бір жылға бас бостандығынан айрылған.

Аян ҚАЛМҰРАТ, «7»