Сарапшы: Қазақстандағы жанармай бағасы қымбаттауы мүмкін

754
Фото:mln.kz

Теңгеге қатысты рубль курсы өсе түскен сайын екі елдегі жанармай мен дизельді отынның айырмашылығы алшақтай түседі. Бұл туралы Astana Best Consulting Group экономисті Арман Байғанов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Оның сөзінше, ерте ме кеш пе қазақстандық үкіметке екі ел арасындағы бағадағы үйлеспеушілікті жою үшін жанармай бағасын көтеруге тура келеді. 

«Ресейдегі бензин бағасы бізбен салыстырғанда 36,5 пайызға, ал дизельді отын 73,7 пайызға қымбат. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы шекаралар ашықтығы да жақын арада бензин мен дизельді отын қымбаттайтындығын білдіреді. Қазақстанда өндірілген жанар-жағармай түрлі жолдармен Ресейге жеткізіліп, біздің елімізде отын тапшылығын тудырады. Көрші елге жанармай жеткізу тиімсіз болу үшін баға айырмашылығы кем дегенде 20 пайызды құрау керек. Басқаша айтқанда қазіргі бөлшек саудадағы жанармай бағасы литірен 143 теңгеден кем түспеуі қажет»,- деп жазады сарапшы.

«Жоғарғы баға инфляцияға әсер етіп, нәтижесінде нан, азық-түліктер және қызмет көрсету бағасы қымбаттайды. Экспортшыларды теңгені құнсыздандырумен қолдап отырғанда, отын бағасындағы үйлеспеушілік деген басқа проблема туындайды», -деп түсіндірді ол. Байғановтың сөзінше, Ресейдегі қымбат бензин жақын арада Қазақстанда отын тапшылығын тудыруы мүмкін.