Сарапшы: Жазда шабдалы мен бананды көп жеу керек

шабдалы
Фото: food-specialty.com

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – Күн ыстықта шабдалы мен бананды көбірек жеу ұсынылады, себебі ыстық кезде ағзада калий жетіспеушілігі туындайды. Бұл туралы Мемлекеттік ауыл шаруашылық өнімдері, шикізат және азық-түлік инспекциясының мәскеулік басқармасының басшысы Нина Зайцева айтты, — деп хабарлайды «РИА Нововсти».

«Жазда күн қатты ысығанда адам көп терлеп, салдарынан калий жетіспеушілігі туындауы мүмкін. Пайдалы заттардың жетіспеушілігін толтыру үшін мамандар құрамында калий бар жаңа піскен жеміс-жидектерді: шабдалы, өрік, қарақат, банан және ананас жеуге кеңес береді», — деді Зайцева.

Сонымен қатар маман дәрумендер кешенін, сондай-ақ денсаулыққа пайдалы микро және макроэлементтерді алу үшін, олардан жеміс салатын жасауға болатынын айтты.