Сарыбұлақ кен орнында кішігірім апат болды

732
Сарыбұлақ кен орнында кішігірім апат болды

Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Сарыбұлақ кен орнында бақылаудан шығып кеткен мұнай-газ қосындысының атқылауы болды, өрт шықпады деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.

«Құмкөл Транс Сервис» ЖШС жұмыс жасайтын Сарыбұлақ кен орнында №212 ұңғымадағы планшайбасына демонтаж жасау кезінде ұңғыма бітелгеннен кейін бақылаудан шығып кеткен мұнай-газ қосындысының атқылауы болды, өрт шыққан жоқ», — деп түсінік берілген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

сар жоқ.

Бұған қоса, хабарламада қазіргі уақытта атқылау тыйылмағандығы айтылады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, оқиға орнына 01 сағат 05 минутте «Ақ берен» әскери атқылауға қарсы отрядының қызылордалық филиалының оперативтік тобы келген, құрамы 14 адам және 4 техника бірлігі, облыстың ТЖД оперативтік тобынан 2 адам мен 1 техника бірлігі келген.

Оқиға орнында мекемелік өрт күзетінің екі автоцистернасы және «Құмкөл Транс Сервис» ЖШС-ның 13 қосалқы техника бірлігі кезекшілік атқаруда.