Сауатсыз менеджердің кесірі

320
ИП
Фото: v.img.com.ua

Астана қаласында тұратын кәсіпкер әйелмін. Ең алғашқы кәсібімді несие алып бастадым. Астана бас қала бола бастағанда бизнесті қолға алған едім. Ісім оңға басып, несиені де уақытылы жауып одан кейін көп жыл бойы банкке жолаған жоқпын.

Ал, соңғы екі айда көп ақша керек болып, үлкен сомада үш тұтынушылық несиені алдым. Қазір бәрі жақсы, жұмысым  жүріп жатыр. Дегенмен, соңғы несиемді аларда біраз мәселеге тап болғанымды жеткізейін деп едім. Кредит керек болғанда үйіңіздің қасындағы банк филиалына желпілдеп жетіп бармай, асықпай ойланыңыз. Мен сияқты қаланың шетінде, оң жағалауда тұрсаңыз сізге жақын банк филиалында сауатсыз маманға тап болып, сандалып қалуыңыз мүмкін. Әрине, бес саусақ бірдей емес, «Бұл не деген жер дискриминациясы?!» – демеңіз. Болмай бара жатса сізге қызмет көрсеткен менеджердің сөз саптауына, тұтынушыға жанашырлық танытып қызмет көрсетуіне назар салыңыз. Менеджер алақ-жұлақ етіп, сөйлемінің басы бар, аяғы жоқ, өз сөзіне өзі сенімсіздік танытып, ежіктеп жауап берсе басқа филиалға барғаныңыз жөн-ау. Көбіне қаланың орталығында орналасқан банктердің қызметкерлері сауаттылау, ұқыптылау болады. Енді бұл өз тәжірибемнен. Менімен келіспесеңіз де болады. Соңғы айларда алған үшінші несиеммен мәселе болды дедім ғой. Енді соған көшсем. Жұмысыма жақын вокзал маңындағы банк филиалына несие рәсімдеуге өтініш берген едім. Ал, ондағы менеджер жігіт (есімін ұмытып калдым) маған жауабын смс арқылы 1 күн ішінде жіберемін. Үйіңізге бара беріңіз деп шығарып салды. 36 сағат өтті, еш жауап келмеді. Менеджерге қайта барғанымда сізге әлі жауап келмеді деді. Сөйтіп, қаланың қақ ортасындағы Достык 12-де орналасқан филиалына барып едім: несие маған рәсімдеген күні мақұлданғанын және менен әлі күнге ақшаны неге алмай жүргенімді сұрады. Мен барлық мән-жайды түсіндірдім. Ол менеджер сол филиалға хабарласып, мені қабылдаған менеджерді шакыртып, неге жауапсыз қалдырғанын сұрап, түсіндіруін талап етті. Арада 5 минут өткенде менен кешірім сұрап хабарласып, рәсімдеген филиалдан ақшаңызды алып кетіңізші деген хабарлама келді. Мен Достык 12-ден қайта арыз жіберіп, ақшаны алдым. Осындай жауапсыз менеджерлер адамның алтын уакытын жоғалтатынына ренжисің. Жеп отырған наны болғасын қарсы арыз жазбадым. Міне осындай жағдай мені біраз сандалтты. Сондықтан, абай болыңыздар ағайын.

Мөлдір Базарбаева