Саяхат кезінде құжатыңызды жоғалтып алсаңыз не қонақүйдегі номерді ауыстыру үшін не істеу керек?

саяхат

Саяхатты жоспарлау кезінде туындайтын сұрақтар көп: қалай бару керек, қандай турагенттікті таңдау керек? Ал сапар кезінде аяқ астынан пайда болатын мәселелер де аз емес: ақшаны қайдан айырбастау қажет, машинаны жалға алуға бола ма? Назарларыңызға туристер тарапынан ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабын ұсынамыз. 

Құжаттар

Егер шетелде жүргенде, құжатыңызды жоғалтып алсаңыз не істеу керек?

Ең бірінші әрекетіңіз — жақын маңдағы полиция бөлімшесіне хабарласып, жеке куәлігіңізді жоғалтып алғаныңыз туралы арыз жазу. Олар сізге құжатыңыздың жоғалғаны немес ұрланғаны туралы анықтама беруі қажет.

Өте сақ жүретін жолаушылар үшін, анықтаманың мәтінін арнайы дайындап алуды ұсынамыз және ол ағылшын тілінде болуы керек. Ары қарай мемлекетіңіздің елшілігіне немесе консульдығына барасыз.

Төлқұжатты жоғалтып алғаннан кейін, шетелден тек елшілікте беретін куәлікпен ғана қайтуға болады. Елшілікте сіз полициядан алған анықтамаңызды көрсетіп, өтініш жазып, 2 фотосурет бересіз. Сіздің жеке басыңызды дәлелдейтін кез-келген құжатты көрсетуіңіз қажет. Сондай-ақ 20-100 доллар аралығында консульдық жарна төлеу керек. Телефоныңызда, планшетіңізде немесе ноутбугіңізде сіздің паспортыңыздың немесе басқа да құжаттарыңыздың скан нұсқасы жүрсін. Жүгіңізде ол құжаттардың нотариальді бекітілген көшірмелері болса тіпті тамаша.

Соңғы мүмкіндік — үйіңізге хабарласып, пошта арқылы сіздің жеке басыңызды нақтылайтын құжаттарыңыздың біреуін жіберуді сұрау.

Егер сізге виза бермесе ше?

Біріншіден, виза бермегендерін түсіндіретін ресми себеппен танысып, апелляцияға өтініш беру. Бұл процесс ұзақ уақытты алады және оң шешім шығатындығына кепілдік бермейді.

Екіншіден, құжаттар пакетін қайта жинап, теріс шешім шығаруға себеп болған қосымша анықтамаларды қайта жіберу қажет. Есіңізде болсын, жіберілген мәліметтеріңіздің дұрыс болуы — басты талаптардың бірі.

Үшінші мүмкіндік — виза алудағы миссияңызды өзгертіп, мүмкін болса басқа елмен баруға болатындай маршрут қарастыру. Мысалы, сіз Германияға баруды жоспарлап, бірақ виза беруден бас тартса, құжаттарыңызды Австрияға бару үшін деп қайта тапсыруға болады. Бірақ сіз ол жерден белгілі бір күн болып, кейін ғана Германияға баруыңыз керек.

Транспорт

Егер рейске кешігіп жатсаңыз не істеу керек?

Егер кешігіп жатсаңыз, бірақ әлі де азғана уақытыңыз болса (мысалы, таксиде келе жатырсыз, бірақ уақыт аз қалды), рейске онлайн тіркелуге тырысыңыз. Әуежайға келген соң сізге тек отырғызу талонын алып, қауіпсіздік бақылауына бару ғана қалады.

Ал рейске тіпті кешіккен болсаңыз, сіз тәрізді жолаушыларға арналған арнайы орынға баруыңыз қажет. Кейбір рейстер сіздерді белгілі бір ақыға бортқа апара алады. Бұл ресми қызмет түрі болғанымен, барлық әуежайларда жұмыс істей бермейді.

Егер клиенттің автомобиль маркасы мен отын түріне қатысты қалауы болса, бірден компанияға жеткізуі қажет. Әдетте, жалға берушілер клиенттің көңілінен шығуға тырысады.

Егер жалға алынған көлікке сызат түсіріп алсаңыз, не болады?

Сіз компания алдында көлікке түскен кез-келген сызат үшін жауап бересіз. Ол шығынды сіздің сақтандыру депозитіңізден ұстап қалады.

Егер жалға алынған машина басқа біреудің кінәсінен болған апат кезінде зақымданса, көлік жөндеу шығынын төлемейсіз. Ол кезде бірден полиция шақырып, төтенше жағдайды тіркету қажет.

Егер апат сіздің кінәңізден болса және сіздің сақтандыруыңыз болмаса, автомобиль шығынына кететін қаржыны өзіңіз төлейсіз. Бірақ бұл жағдайда да полиция шақырып, барлығын тіркету қажет. Жол апатына қатысты барлық құжат бір тәулік ішінде жалға беру компанияға жеткізілуі тиіс. Олардың көшірмелері өзіңізде қалсын.

Егер трансферіңізді өткізіп алсаңыз, қонақүйге қалай жету қажет?

Орналасу

Егер қонақүйдегі бөлме ұнамаса не істеу қажет?

Қонақүй қызметкерлеріне немесе туроператор өкіліне хабарласыңыз. Сіздің не қалайтындығыңызды нақты жеткізіңіз. Мәселе маған қабырға түсі ұнамайды дейтіндей деңгейде болмауы керек. Бөлмеде уәде берілгендей балалар керуеті жоқ болса немесе сіздің демалысыңызға кедергі келтіретін басқа да олқылықтар байқалған жағдайда  шағым білдіре аласыз.

Егер турагент өзі уәде бергендей емес, одан төмен деңгейдегі қонақүйге орналастырса не болады?

Кез-келген жағдайда келісім-шартты мұқият оқып шығыңыз! Ол жерде қонақүй жұлдызын көрсетпестен ауыстыруға болады деген бөлім жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда сізге ешкім көмектесе алмайды. Ал басқа жағдайдың барлығы — тұтынушылардың құқығын бұзу. Бірден туроператордың өкілдігіне, агенттікке хабарласу керек.

Қонақүйге интернет арқылы тапсырыс бергенімен, сізді қондырудан бас тартса немесе көбірек ақша төлеуді талап етсе не істеу қажет?

Бұл жерде екі нұсқа бар. Біріншісі — қонақүйге тапсырыс берген сайттың қызметіне хабарласып, мән-жайды түсіндіру. Аздаған техникалық қателік кетуі мүмкін. Немесе проблеманы өз бетіңізбен шешуге тура келеді. Басқа қонақүйге орналасып, чектерін сақтап қойыңыз. Сапардан келген соң сауатты түрде шағым білдіріп, шығыныңызды толығымен өтей аласыз. Туроператорлармен жұмыс істеген блсаңыз, 20 күн ішінде шағым білдіріп, жауабын 10 күнге дейін күтіңіз.

Егер сіз пайдаланбаған мини-бар үшін ақы талап етсе не істеу керек?

Алдымен, қонақүйдегі мини-бар пайдалану тәртібімен мұқият танысып шығып, ереже бойынша жүру керек. Соңғы уақытта көпшілік қонақүйлердің мини-барларына электронды бақылау жүйесі қойылған. Бөтелке алынған кезде бірден құрылғы іске қосылып, ресепшенге ақпарат жіберіледі. Егер қонақүйден шығар уақытта сізден пайдаланылмаған мини-бар үшін ақы талап етсе, бірден әкімшіні шақыртыңыз. Бардың барлық ассортиментін қарап шығып, толық екендеріне көздерін жеткізіңіз. Егер бөтелке жетіспейтін болса, төлеуіңізге тура келеді.