Әлемде жақсы атымен де, өзіне айтылған есепсіз сынмен де танылған «Газпром» секілді компаниялар аз. Корпорацияның аты ресейлік БАҚ-та жиі аталады, еуропалық баспасөз де ол туралы аз айтпайды. Еуропа көзіне бұл компания Ресейдің тұтас халыққа саяси һәм экономикалық қысым көрсету құралы ретінде көрінеді. Шынында, «Газпром» деген не өзі? Оның тарихы қайдан бастау алады?
Қазіргі «Газпром» Кеңес одағы кезіндегі «КСРО газ өндірісі министрлігі» болған. Кәсіпорынның ауқымдылығы мен алыптығына көз жеткізу үшін осы фактінің өзі де жеткілікті шығар? Министрлік кейіннен, 1989 жылы, мемлекеттік концернге айналды, ал 1992 жылы конценр жекеменшікке өтіп, «Газпром» ресейлік авторлық қауымдастық болып өзгерді. (Кейбір деректер бойынша, 1993 жылы 17 ақпанда компания өз атымен жұмыс істей бастады.)

Өткен ғасырдың 90-жылдары Рэм Вяхирев басқарған концерн мен оның қызметі баспасөз беттерінде саяси да, экономикалық та дау-дамайдың астында қалды. Концерн әлемдегі газ өндіретін ірі компаниялардың бірі болса да, кәсіпорынның акциясына қызығатын шетелдіктер көп емес. Оның бәріне анық бір себебі бар – концерн мен оған еншілес компаниялар қызметінің көпке белгісіз жүйесі, жұмыстың жабықтығы, сонымен қатар, шетелдік инвесторларды анық шеттететін шарттар қоюы.
Өз медиасы бар «Газпром»
Біраз жыл «Газпром» төрағасы болған Вяхиревтің орнына 2001 жылы Алексей Миллер отырады. Компания директорлар кеңесінің төрағасы болып бір жылдары Ресейдің қазіргі премьер-министрі Дмитрий Медведев те қызмет еткен. Жаңа төраға тағайындала сала компания басшылығы 90-жылдары болған жекешелендіру кезінде жоғалтып алған акцияларын қайтарып алуға күш салды. Қазір «Газпром» газ өндіретін құрылым ғана емес, әлемдегі газ тасымалдайтын ірі желі. Құбырының жалпы ұзындығы — 172 мың шақырым.
Одан бөлек, концерннің еншілес компаниялары қаржы табу үшін өз саласынан тыс, бағытынан басқа қызмет түрлерін көрсетіп жатады. Мысалы, «Газпромнефть» мұнай өндірумен айналысып, тасымалдау бойынша әлемдегі алдыңғы 20 ірі компанияның қатарына кіреді; «Газпромбанк» концерннің қаржысын қадағалап, өз бағыттарынан тыс акцияларды басқарумен айналысады; «Газпром-Медиа» еншісінде бірнеше БАҚ бар: басылымдар, телеарналар мен радиостанциялар, оның ішінде ашық оппозициялық, танымал «Эхо Москвы» да бар. Мемлекет үлесі 51 пайызды құрайтын компания меншігінде мұндай қызметтің болуы, әрине, қызық.
Компания алыс-жақын аймақтағы отыздан астам елге газ тасымалдаумен айналысады. Қазір «Газпромға» әлемде өндірілетін газдың 11 пайызы, Ресейдегі газдың 66 пайызы тиесілі. «Мұндай кең аумақты қамтып жатқан компания газ тасымалдау келісім-шартын Украина, Польша, Белорусия және Балтық елдеріне орайы келгенде қысым жасаудың құралы етіп алған». Концернмен келісімге отырған елдер Ресейді осылай деп жиі айыптайды.
Компанияға төнген қауіп
Бұрыннан аты белгілі болса да, соңғы жылдары белсенді қолданылып келе жатқан сланц газы «Газпром» гегемониясына кәдімгідей қауіп төндіріп тұр. Оны қарқынды дамытуды қолға алып отырған да, еуропалық сателлиттерін серіктестікке шақырып жатқан да – АҚШ.
Америкалық һәм еуропалық БАҚ жуырда мүдделі елдер «Газпром»-ға деген тәуелділіктен құтылатыны туралы жарыса жазады, бірақ саяси контекске көбірек тартатын ақпараттың арасынан ақитатты ажырату оңай емес. Сондықтан да компанияның келешегін болжау қиын. Тек мынаны айтуға болады: егер «Газпром»-ның «басына күн туса» одан ресейлік азаматтар жапа шегеді, себебі ел экономикасы шикізат секторына қатты байланған.
«Газпром»-ның қазіргі капиталы, Финмаркет басылымының ақпаратына сәйкес, 118 367 564 500 рубльді құрайды. Жалпы концернде жұмыс істейтіндердің саны — 459,6 мың адам. Мемлекет компанияның 50 пайыздан астам акциясына ие.
Газпром» акционерлері кімдер?
Акционерлер | Үлесі |
---|---|
РФ Мемлекеттік мүлікті басқару федералды агенттігі | 38,37 |
«Роснефтегаз» БАҚ | 10,97 |
«Росгазификация» БАҚ | 0,89 |
АДР иегерлері | 28,05 |
Тіркелген басқа да азаматтар | 21,72 |
«Газпром»-ның әр түрлі рейтингтердегі орны
орын | Рейтинг, жыл |
2015 | |
1 | Ресейдің ірі компаниялары, 2015 |
2014 | |
17 | Әлемнің ең ірі компаниялары (Fortune Global 100), 2014 |
97 | Болашақтың бренді (The FutureBrand Index), 2014 |
2013 | |
1 | Ресейдің ең қымбат брендтері (Best Russian Brands), 2013 |
2 | Ресейдің ірі брендтері (Best Brands in Russian Federation), 2013 |
21 | Әлемнің ең ірі компаниялары (Fortune Global 100), 2013 |
56 |
Әлемнің ең қымбат компаниялары (Financial Times Global), 2013 |