«Сбербанк Қазақстан» АҚ туралы

1427
Сбербанк

«Сбербанк Қазақстан» АҚ — ҚР тұрғындарының 30 пайызы қызметін пайдаланатын Сбербанктің Қазақстандағы еншілес банкі. 

«Сбербанк» АҚ ЕБ Халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 4-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-ның 83 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 16-сы — филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. Банктің филиалдық желісінде 8,8 мың POS-терминал, 955 банкомат және 451 өзіне-өзі қызмет көрсету құрылғысы бар.Жарғылық капиталы: 1444,32 млрд теңге

Активтері: 1 483, 55 млрд теңге 

Банк Басқармасының төрағасы — Камалов Александр Ильясович

Директорлар кеңесінің төрағасы — Горьков Сергей Николаевич

«Сбербанк Қазақстан» банкінің тарихы 2006 жылдың аяғында басталды. Осы кезде ресейлік қаржы жүйесінің флагманы Ресей Сбербанкі Орталық және Шығыс Еуропаның ірі қаржы институты National Business журналы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары банк деп таныған ТексакаБанктің 99,99% акцияларын сатып алған сәттен басталады.

2007 жылы Банк ұлттық және шетел валютасында жүргізілетін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алды. Дәл осы жылы Банктің жарғылық капиталы 15 есе ұлғайып, 29 млрд. теңгені (240 млн. доллардан астам) құрады, бұл Сбербанкке жарғылық капиталының көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы 10 ең ірі банктердің қатарына кіруіне мүмкіндік берді.

Сбербанк әлемнің ірі банктерімен кең байланыс жасайды, сондай-ақ клиенттермен және экономиканың түрлі салаларында қызмет атқаратын серіктестерімен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар.

Банк рейтингі 

RAEX

  • кредит қабілеттілігінің рейтингі A++ (кредит қабілеттілігінің бірыңғай жоғары деңгейі
  • -облигацияларды шығарудың сенімді рейтингі (ҰСН — KZP01Y10E483, KZP02Y10E481)
  • A++ (сенімділіктің бірыңғай жоғары деңгейі)

FitchRatings

  • Эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингі «ВВ+», «Негативтік» болжам
  • Эмитенттің қысқа мерзімді дефолт рейтингі «В»
  • Қолдау рейтингі «3»
  • Тұрақтылық рейтингі «b+»
  • Ұлттық ұзақ мерзімді рейтинг «АА-(kaz), «Негативтік» болжам
  • Басымды қамтамасыз етілмеген қарыз рейтингі «ВВ+»
  • Ұлттық қамтамасыз етілмеген қарыз: «АА- (каз) »