Сбербанк пен Kazakh Invest келісімге қол қойды

370
Сбербанк

Алматы. 7 қыркүйек. 7kun.kz — «Сбербанк» АҚ ЕБ және «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжатқа «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов және «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының Төрағасы Максат Кабышев қол қойды. Бұл туралы Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Келісім аясында Kazakh Invest инвестициялық жобалары қаржыландыруға арналған бағыттарды Сбербанк қарастыратын болады.

«Сбербанк жергілікті, сондай-ақ халықаралық компаниялармен қарым-қатынастарды дамытуға бағытталған. Біздің Банкте International Desk бөлімшесі құрылды, ол халықаралық компаниялармен жұмыс істеуге маманданған және бес тілде кешенді банктік қызмет көрсетеді. Бүгінде International Desk Ресей, Түркия, ЕО, Корея, Қытай және өзге елдердің мыңнан астам халықаралық компаниясына қызмет көрсетеді. Сбербанктің шетелдік компаниялар арқылы Қазақстан экономикасына инвестициялары 70 миллиард теңгеден асады. KAZAKH INVEST компаниясымен ынтымақтастығымыз бизнестің бәсеке қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін болады деп сенеміз, ол Қазақстан экономикасының әрі қарай дамуына және жаңаруына алып келеді», — деді Александр Камалов.

Kazakh Invest инвестициялық жобаларға алдын-ала талдау жүргізуді, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты алу барысында банкке жәрдемдесуді, сондай-ақ инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың нысандары жайында банкті ақпараттандыруды құзіретіне алды.

«Kazakh Invest инвестицияларды тарту үшін халықаралық қаржы институттарымен белсенді түрде әрекет етеді. Бүгінгі таңда компания портфелінде шамамен 200 инвестициялық жоба жатыр. Халықаралық стандарттарға сәйкес жобаларды әзірлеу және әрі қарай инвесторларға ұсыну үшін олардың қаржылық моделін дайындау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік коммерциялық банктер арасында Сбербанк ел экономикасын қаржыландыру көлемі бойынша бірінші болып табылады. Осыны ескерсек, осы келісім елдің инвестициялық хал-ахуалын дамытудың маңызды тетігіне айналуы мүмкін», — деп атап өтті Максат Кабашев.