Сбербанк Қазақстан AQR-ді банктік жүйені нығайтудың тиімді құралы ретінде бағалайды

49
Сбербанк
Фото: ysia.ru

Алматы. 2 наурыз. 7kun.kz Сбербанк Қазақстан Ұлттық Банктің тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен бірге жүргізген Активтер сапасын кешенді бағалау (asset quality review, AQR) нәтижелеріне оң баға береді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

AQR — Қазақстан банктерінің активтерінің жағдайын кешенді және жүйелі бағалау болып табылады, бұл еліміздің банк жүйесінің осал тұстарын анықтауға және жоюға, тұрақтылығын арттыруға көмектеседі.

«Біздің Банк AQR жүргізу идеясына басынан қолдау көрсетті және бұл процедураны Қазақстанның банктік жүйесінің тазалығын арттырудың маңызды құралы және жасырын проблемаларды анықтаудағы тиімді диагностикалық әдіс деп есептейді. Біз жүргізілген бағалау нәтижесінен туындайтын кеңестерді талқылау және орындау бойынша қаржы нарығын реттеушімен толық және өзара тиімді серіктестікті қолдаймыз», — деді AQR нәтижелері туралы Сбербанктің Басқарма Төрағасы Елдар Теңізбаев.

Сбербанк Қазақстан түзету шараларының нәтижелері өсу нүктелерін көруге және банктердің түрлі бизнес процесстерін шыңдауға мүкіндік береді деп есептейді, бұл банктік нарықтың ойыншыларының қаржылық тұрақтылығына да, олар көрсететін қызметтің сапасына да оң әсер етеді.

Анықтама: «Сбербанк» АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 14 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2020 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда «Сбербанк» АҚ ЕБ-нің 101 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы —  филиал. Банктің Орталық офисі Алматы  қаласында орналасқан.