Сбербанк Seven Refractories Asia компаниясына 350 млн теңге кредиттік желі ашты

390
Сбербанк

Қарағанды. 1 қараша. 7kun.kz — Сбербанк және өңдеу өнеркәсібіндегі «Seven Refractories Asia» ЖШС компаниясы 350 миллион теңге мөлшерінде қаржыландыру тарту бойынша мәміле жасасты. «Seven Refractories Asia» ЖШС отқа төзімді заманауи материалдар шығаруға мамандардырылған «Seven Refractories» халықаралық тобына кіреді. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәміле «Өндіріс» бағдарламасы бойынша «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қолдауына ие болды.

«Соңғы 6 айдың ішінде өнім шығару көлемі 6 пайыздан жоғарыға артты, – дейді «Сбербанк» АҚ ЕБ Басқармасы Төрағасының корпоративтік бизнес жөніндегі орынбасары Ельдар Тенизбаев. – Сбербанк бұл салаға белсенді түрде инвестиция салып жатыр. Корпоративтік бизнестің несиелік портфелінің ширек бөлігі қосылған құны жоғары өндірістерге тиесілі. Seven Refractories Asia компаниясы бірегей өнім жасауға мамандандырылған, біз келешекте өндірістің дамитынын байқап отырмыз және компанияны серіктестеріміздің қатарында көруге қуаныштымыз».

«Seven Refractories Asia» ЖШС компаниясы үшін жаңартылатын кредиттік желі ашылған болатын. 100 миллион теңге мөлшеріндегі бірінші транш 2017 жылдың қыркүйекде берілді. Қаржы отандық өндірушілердің де, шет елдік өндірушілердің де ірі металлургия комбинаттарында қолданылатын отқа төзімді материалдың өндірісі үшін қажетті шикізат сатып алуға жұмсалады.

«Біздің жоба импорттық өнімдерді алмастыруға керемет мүмкіндік береді. Компания Республика аумағында өз қызметін енді бастады. Біз Қазақстанда жоғары сапалы монолитті отқа төзімді материал өндірісінде алғашқы боламыз», — дейді «Seven Refractories Asia» ЖШС бас директоры Максим Глазунов.