Ресейлік Сбербанк  бөлімшесіне жасалған шабуылдан кейін Украинадағы еншілесін банкін сататын жариялаған еді. Бүгін оны AS Norvik Banka (Латвия) мен белорусиялық белгісіз компания бірігіп сатып алғаны белгілі болды. Банк үшін олар 130 млн доллар төлеген. Бірақ қай тараптың қанша ақша төлегені белгісіз.

«Бұл сома украиналық банк капиталының көлемінен аз», дейді Комерсант басылымының дерекөздері. Газет «бұл банктің құны 2016 жылдың алғашқы 3 тоқсанында 144 млн доллар болған» дейді.

Украиналық  қаржы сарапшысы Виталий Шапран Ведомстиге «еншілес банк 50-100 млн доллар тұруы керек еді» деген. Бірақ ол «AS Norvik өзіндегі ресейлік акциялардан арылғысы келгенін айтқан, сондықтан Сбербанкпен арада айырбас жасалған болуы да мүмкін», — дейді.

Dragon Capital-дың маманы Сергей Фурсаның айтуынша еншілес банктің құны нөлге жақын немесе жағымсыз аумақта болуы мүмкін. «Еншілес банктің пассивіндегі 1 млрд доллар негізгі банктің қаржылдандыруынан түскен қаражат. Егер банкті нарықтық жолмен сатқанда бұл оның бағасына қандай да бір әсерін тигізер ме еді?! Бірақ бұл Сбербанктің «бас ауруын» жеңілдету үшін жасаған Мәскеудегі біреулердің өтініші ғана», — деді ол.

«Келіссөздер басталғанда кішкене жоғары баға айтылды, — дейді «Коммерсанттың» дереккөзі. — Бірақ оған Киветің ресейлік банктерге санкция енгіземін деген жоспары мен радикалдардың банк бөлімшелерін қоршап тастағаны себеп болды. Сондықтан сатушы тезірек келіссөзді аяқтау үшін бағаны түсірді».

«Эхо-Москваға» берген сұхбатында Григорий Гусельников Norvik Bankа-ның 45 пайызын алатынын, ал консоциумның мажоритарлы акционері болып табылатын Саид Гуцериев 55 пайызын алатынын айтқан.

Norvik Banka-ның жұмысын Еуропалық Центробанк реттеп отырады. Гусельников банкті сатып алғаннан кейін оның атауы Norvik Banka деп өзгеретінін және Еуроодақтан басқарылатынын айтты.

Ол да, Гуцериев те Ұлыбританияның азаматтары болғандықтан, банкті ресейлік деп санауға еш негіз қалмайды. «Одан  бөлек, егер Сбербанк өз атын, өз брендін алып қалғысы келер болса да түсінуге болады. Бұл да жауапкершілік. Бастысы оның қай қолға өтетіні емес, әр тараптың өз атын сақтап қалғысы келетінінде. Сондықтан Сбербанк өз бренді үшін жауап береді. Ол брендті өзімен алып кетеді. Сатып алушы да оны сақтап қалуға ынталы емес,- деді Гусельников.-  Ары қарай жағдайды ушықтырып жібермеу үшін бренд өзгереді және еуропалық банк ретінде жұмысын жалғастыратын болады».

«Еншілес банктің асығыс сатылғанынан, оның капиталына салынған қаражат шығынға ұшырады», делінген Сбербанк таратқан хабарламада.

Ресей мойындаған Донецкі мен Луганск халық республикаларынан келген азаматтарға қызмет көрсете бастаған соң, украиналық белсенділер Сбербанкке қарсы вандализм актілерін ұйымдастыра бастады. Президент Петр Порошенко өткен аптада ресейлік банктерге капиталын алып шығуға қарсы санкцияларды бекіткен еді.

Bloomberg агенттігіне жіберген хатында Сбербанктегілер «Сату туралы шешім оның бөлімшелерін қайта ашуға көмектеседі деп үміттенеміз. Бұл клиенттерге Украинада тұрақты жұмыс істеп келген банктің қызметін әрі қарай пайдалануға мүмкіндік беріп, оның ары қарай дамуына негіз болады», — деген.

Өткен аптада Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Греф «Көтеріліс жергілікті мекеме қызметкерлеріне жалақы төлеуге кедергі келтіреді», — деген. Сбербанк таратқан хабарламаға сенсек, Украиналық еншілес корпоративтік жіне жеке тұлға болып табылатын клиенттердің алдындағы қарызын өтеуге  толық мүмкіндігі бар дейді.