2018 жылы Қазақстанда әуе арқылы 3 млн жолаушы тасымалданды

122
ұшақпен
Фото: slate.com

Алматы. 11 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының өсу қарқыны артып жатыр. Мәселен, 2018 жылдың қаңтар-мамырында тасымалданған жолаушылар саны 3 млн құрап, өткен жылмен салыстырғанда 12% көбейді (2,5 млн. адам), деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биыл 6 айда 6,5 млн адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіш те 2017 жылмен салыстырғанда 12%-ға артты.

2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады.