Шағын несиелер саны 24 пайызға өсті

несие
Фото: atameken.kz

Алматы. 22 қыркүйек. 7kun.kz – 2017 жылдың ІІ тоқсанында микронесие ұйымдары 153,3 мың теңге көлемінде қарыз берді. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2017 жылдың І тоқсанынан қарағанда (123,6 мың қарыз) 24 пайызға артқан.

ІІ тоқсанда берілген шағын несие көлемі 96,9 млрд теңгені құрады. Оның 54,2 пайызы ұзақ мерзімді, ал 45,8 пайызы қысқа мерзімді несиелер.

Шағын несие ұйымдары жеке тұлғаларға 69,8 млрд теңге кредит берді. Оның 43,2 пайызы тұтынушылық мақсатқа, 56,8 пайызы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ал заңды тұлғаларға 27,1 млрд теңге берілді. Оның 7,9 пайызы негізгі құралдарды алуға бағытталды.