Шахтинск қаласының шенеунігі 102 млн теңге ұрлады

Қазпошта
Фото: kzvesti.kz

Алматы. 9 шілде. 7kun.kz — Шахтинск қаласының құрылыс бөлімінің басшысы бюджеттен 102 млн теңге жымқыру ісі бойынша қамауға алынды.

«Күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл департаменті тергеушісінің өтініші қанағаттандырылды», — деп хабарлады қала сотында.

Тергеу болжамы бойынша, шенеунік және бірнеше мердігер фирмалардың директорлары «Шахтинсктеплоэнерго»ЖШС аумағын қоршау құрылысына бөлінген бюджет ақшасын ұрлауға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ресми мәліметтері бойынша, шенеуніктер мен мердігерлер тергеуге түскен кезде, олар осы құрылысты техникалық қадағалау бойынша жеке компанияның директорын қылмыстық істі қысқарту туралы мәселені шешу үшін лауазымды адамдарға 40 мың доллар пара беруге көндіре бастады.