Шетелдік кино отандық фильмге қарағанда 10 есе артық таңдалады

675
Шетелдік кино отандық фильмге қарағанда 10 есе артық таңдалады
Фото:vlast.kz

Бір жыл ішінде Қазақстандағы кинотеатрлар билеті 15,3%-ға қымбаттап, орта есеппен 1186 мың теңгені құрады. Театр билеті 11,3%-ға көтеріліп, орта есеппен 652 теңгені құрады. 

Ең қымбат билеттерді Атырау (1600 тг), Көкшетау (1500 тг, бір жыл ішінде 50%-ға қымбаттаған) және Астана (1413 тг, 23,6%-ға қымбаттаған) тұрғындары сатып алған.

Қазақстандағы театр билеттері Алматы (1993 тг, бір жылда 25,3%-ға өскен), Астана (1095 тг, 41,3%-ға) және Шымкентте (896 тг, 17%-ға) қымбаттаған.

Жыл басынан бері елімізде 93 кинотеатр жұмыс істеді (2014 жылы олардың саны 96 болған). 2015 жылы елімізде 520 мың киносеанс (бір жыл бұрын 537,8 мың) өткізілген. 11,3 млн адам киноға барған (бір жыл бұрын 12,8 млн адам), олардың 1,3 млн-ы ұлттық фильмдердің, 10 млн-ы шетелдік фильмдердің көрермені болды. 2,3 млн бала да кинотеатр қонағы болды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша 35 компания 264 фильм шығарды. Олардың ішінде 134-і толықметражды (13 көркем, 113 деректі және 3 анимациялық), 130 қысқаметражды (8 көркем, 119 деректі және 3 анимациялық) туынды жарық көрді.

Ал 2015 жылы жұмыс істеген театр саны — 64, көремен саны 20,8 мыңнан 21,1 мыңға дейін көбейді.

12,9 мың спектакль (бір жыл бұрын 12,1 мың) көрсетіліп, 337 қойылым тұсауын кесті. Жалпы көрермендер — 2,25 млн, балалар саны — 1,1 млн.