Қазақстан туралы шетелдіктер айтатын 7 дүние

5750

Шетелдік азаматтарды Қазақстан туралы сұрағанда, түрлі жауап естуге болады: шындыққа жанасатын фактілер де, сондай-ақ ақылға қонымсыз дүниелер де айтылады. Көп жағдайда Қазақстан дегенде шетелдіктер танымал қазақстандықтарды және «қазақстандықсымақтарды» атайды. 7kun.kz назарларыңызға шетелдіктер Қазақстан туралы ең жиі айтатын деректердің өз рейтингін ұсынады.

Борат

200px-BORAT!Өкінішке орай, шетелдіктерден «Қазақстан туралы не білесіз?» деп сұрасаңыз, осы «Борат» деген кино, оның басты кейіпкері Борат Сагдиев жайлы естісеңіз таң қалмаңыз. Олардың көбісі бұл киноның шынымен де Қазақстан туралы екеніне сенбейді әрине, дегенмен ең бірінші ассоцияциялары — «Борат».

Қызығы Қазақстанның билік өкілдері бұл фильмді алғашқыда қатты сынға алса, кейін мемлекетке жасалған «жақсы пиар» деп бағалады.

Айта кететін жайт, кейбір елдерде фильмді көрсетуге тыйым салынса да, «Борат» коммерциялық тұрғыдан табысты жоба болды. 18 млн долларға түсіріліп, дүниежүзілік көрсетілімде 262 млн доллар жинап алды.

Геннадий Головкин

голвкин2Қуанышқа орай шетелде Қазақстанның оң имиджін қалыптастырып жүрген азаматтар да бар. Бірінші кезекте шетелдіктер қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкинді атайды.

Рингте қарсыластарын аяусыз сабайтын, рингтен тыс жерде қарапайым, мейірімді жігіт кейпінен айнымайтын Генаны қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де тек сүйіспеншілікпен әңгімелейді.

WBA, IBO, WBC белдеулерінің иесі, қазіргі уақытта кәсіби бокста өткізген 33 жекпе-жегінің 33-ін (30-ын нокаутпен) жеңген, «Қазақтың Тайсоны», «GGG» деген лақап аттары бар Геннадий Головкинді әлемде танымайтын адам кемде-кем.

Киіз үйде тұрады

180889_main

Ең таңданарлық жайт, шетелдіктер қазақтар әлі де киіз үйде тұрады дегендері. Олардың ойынша Қазақстандағы көрініс мынадай: кең дала, киіз үйлер, отар-отар қойлар, үйір-үйір түйе мен жылқы.

Негізі мұндай бейнені де жоққа шығарып, қазақтарға жат деуге болмас.

Жылқының етін жейді

Horse082Шетелдіктердің көбісі қазақтар жылқының етін жейтінінен хабардар.

Әрине, қазақтар үшін құрбақа-құмырсқа жеу, немесе сиырды киелі мал санап, оны жеу түгіл оған сыйыну ерсі көрінгендей, кей халықтар үшін жылқыны жеу деген бір ақылға қонымсыз әрекет болып көрінетін шығар. Сондықтан мұндай фактіні олар ұмытқа қалдырмайды.

Ауғанстан, Пәкістан…

Қазақстанды көп елдер Пәкістан, Ауғанстан сияқты елдермен шатастыратындар көп.

«Ол жер тыныш емес, көп жылдан бері соғыс», — дейтіндер шетелдіктер баршылық.

Бұған қоса, Қазақстанды Ресейдің құрамындағы ел, колония дейтіндер де бар. Сонымен қатар, «Қазақстан аумағы бойынша әлемдегі тоғызыншы ел» деп география аясындағы білімдерін паш ететіндерді кездестіруге болады.

Олимпиада чемпиондары

9ff074f46d4808f50d9536a5d3e906cdАуыр атлет Илья Ильиннің екі мәрте олимпиада чемпионы атануы, Александр Винокуровтың Лондонның олимпиада ойындарындағы жеңісі қазақстандық велоспортты, сондай-ақ Қазақстанды әлемге атақты етті.

Бір қызығы шетелдіктер «Сіздерде олимпиада жеңген велосипед тебуші бар» дейді, алайда чемпионның аты-жөнін білмейді.

Сондай-ақ, шетел азаматтары Қазақстанның боксшылары, ауыр атлеттері мен палуандары осал емес екенінен хабардар.

Мұсылман елі

e9c692cbaa309b080c6e88c55fdbd49d

Көптеген шетелдіктер Қазақстанды мұсылман елі деп есептейді. Қазақстан халқының басым бөлігі шынымен де мұсылмандар. Алайда өзге дін ағымдары мен конфессиялар бар екенін біле бермейді.

Сондай-ақ сайтымыздан «Қазақстанға бармаудың 47 себебі» атты фотошолуды қарай аласыз.

Шетелдіктер Қазақстанды тек жақсы жағынан тани берсін!

Дайындаған Алмас Өтебай «7»