Шымкент әкімінің қызметінен кетуіне әлеуметтік желінің реакциясы

475
Шымкент
Otyrar.kz

Мемлекеттік қызметкерлерді қоғамдық көлікке отырғызу, велосипед мәдениетін қалыптастыру және басқа әр түрлі өзгерістермен ерекшеленген Ғабидолла Әбдірахманов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды. Ол «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. Екі жыл әкімдік қызметінде ол халық арасында несімен есте қалды? 7kun.kz сайты Әбдірахмановтың қызметінен босатылуына әлеуметтік желінің реакциясын бақылады. 

Алмас Тоқабаев есімді Facebook қолданушысы әкімнің орнын босатуын соңғы уақытта халық арасында хит болған әннің сөзімен жеткізді.

Әкімдіктен кеткен Әбдірахманов енді «НұрОтан» партиясында жұмыс істейді. Әкімшілік қызметкерлерін автобуспен жүруге мәжбүрлеген Әбдірахманов бұл қылығын партия қатарында да жалғастыруы мүмкін деп есептейді Facebook қолданушысы.

Тағы бір қолданушысы әкімнің ойламаған сәтте қызметтен кетуіне таңғалып отыр.

Әбдірахмановтың кетуімен шымкенттік шенеуніктер қызметтік көліктеріне қайта оралуы мүмкін.

Асылбек Түйетаев Әбдірахмановтың қызметіне риза екенін мәлімдеді.

Ал кейбіреулер оның қызметінен кетуіне риза емес екенін де білдіріп жатыр.

Дінмұхамед Алдаберген