Шымкентте  көгалдандыруға ерекше  назар  аударылып  жатыр

Шымкент. 4  қараша. 7 kun.kz — Енді еліміздегі  үшінші  мегаполисті   көгалдандыру мәселесі  аймақ  басшысының  бақылауында  болады. Бұл туралы Шымкент  қаласы  әкімдігі хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан  облысының  әкімі  Ж.Түймебаев оңтүстіккореялық «J&I Company Ltd» компаниясының төрағасы Чангсик Чонменмен  кездесті. Кездесуде Шымкент  қаласын  көгалдандыру  мәселелері  талқыланып, тараптар  бірқатар  жобалар  бойынша  пікір  алмасты.

Атап  айтқанда,  кәсіпкер  аймақ  басшысына, Өзбекстанның  көшеттерінде өсірілетін сәндік  ағаштар  мен  көшеттер  ерекшеліктері  туралы  баяндады. Жансейіт  Қансейітұлы  Шымкент  қаласының  климатын  ескеріп, сынақ  үшін  бірнеше  көшеттерді  өсіру  қажет екенін айтты.

Бұдан  бөлек, сапар  барысында  Оңтүстік  Кореяның  кәсіпкері  бірнеше  жобаны  таныстырды. Оның  ішінде сәндік  ағаштар  мен  бұталар  өсірілетін  көшеттің  құрылысы, байдаркаларды  есетін  спорт-кешенін  салу тәрізді бағдарламалар бар.

Естеріңізге  сала  кетейік, бұған дейін  облыс  әкімі  Шымкент  қалалық  әкімдігіне  көгалдандыру  мәселелері  бойынша  ескерту  жасады. Осы  бағытта  белсенділік  таныттыру  мақсатында бірқатар  тапсырмалар  берді.

Әйгерім ӘБІЛЕЗ «7»