Өскеменде бедеулік мәселері талқыланады

152
Өскеменде
Фото: foxtime.ru

Алматы. 4 маусым. 7kun.kz – Қазақстандық адам ұрпағын өрбіту қауымдастығы (КАРЧ) Ұлттық комиссиямен бірге Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2019 жылы 6 маусымда Өскеменде «Репродуктивті денсаулықты қорғау, бедеулікті еңсерудің заманауи алгоритмдері. Қосалқы репродуктивті технологиялар» тақырыбында семинар өткізуді жоспарлап отыр.

DedemanOskemen қонақ үйінің «Үлбі» конференц-залында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін өтетін конференцияда келесі тақырыптар талқыланады:

  • Әйел және еркек бедеулікті диагностикалау мен емдеудегі жаңалықтар;
  • Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) бағдарламасын бастау алдында овариалдық резервті бағалау;
  • Бедеулікті тексеру мен емдеудің заманауи алгоритмі;
  • Вегетативті-резонанстық тест (ВРТ) даму мәселелері және олардың тиімділігін арттыру жолдары;
  • ТМККК шеңберінде квоталарға қатысты мәселелерді жарықтандыру;
  • Аз шығынды ЭКҰ.

Сондай-ақ, іс-шараға еліміздің жетекші мамандары — «Экомед» клиникасының, ВРТ саласында 25 жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстандағы ЭКҰ бірінші клиникасының басшылары қатысады

Жалпы, бедеулік — қазіргі әлемнің өзекті мәселесі. Әрбір 5-6-шы ерлі-зайыпты жұбайлар әлемде де, Қазақстанда да бала туудың қиындықтарына тап болады. ШҚО Денсаулық сақтау Басқармасының «Ана мен бала» бөлімінің ресми деректері бойынша, 600-ден астам ерлі-зайыптылар ТМККК шеңберінде ЭКҰ процедурасынан өту кезегін күтуде.

Бұл ретте еліміздің өңірлерінде бедеулікті диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін меңгерген мамандандырылған репродуктолог дәрігерлердің жетіспеушілігі байқалады.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның жоспары шеңберінде халықтың осы мәселеде хабардар болуын арттыру, сондай-ақ бедеулікті еңсерудің қазіргі заманғы тәсілдерін енгізу және сол арқылы өңірлерде дәрігерлердің біліктілігін арттыру мақсатында ҚР халқының репродуктивті денсаулығын қорғау жөніндегі өңірлік конференциялар өткізу көзделген.