Өскеменде кәсіпкерлерге көмек көрсететін орталық ашылады

кәсіпкерлерге
Фото: rsbu.org

Өскемен. 5 тамыз. 7kun.kz — Өскеменде кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий орталық ашу қажеттілігі баяғыда туындағанын айтты. «Кәсіпкерлер құжаттарды келісімдеп, мәселелерді шешу үшін әр мекеменің есігін қағуға мәжбүр. Егер орталық ашылса, біраз түйткілдер бір жерде шешімін табар еді», — деді ол.

Өңір әкімі Даниал Ахметов орталық ашу идеясын қолдап, оның жұмысын егжей-тегжей ойластыруды тапсырды.

«Заңгерлік консультация міндетті түрде қолжетімді болуы тиіс. Кредиттік бағдарламалар бойынша ақпарат беру қажет. Кәсіпкерлер жиі байланысатын ұйым өкілдері орталықта кәсіпкерлерді қабылдауы тиіс, — деп атап өтті Ахметов.